«Kaz plast trade» өнімі 50 жыл кепілдік береді

Oinet.kz 04-05-2021 2090

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласында индустриалды-экономикалық аймақтарда түрлі кәсіп түрлері бар. Олардың барлығы еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосуда. 50 жылдық кепілдікпен берілетін полиэтилен құбырлары нарыққа шығарылуда. «KAZ PLAST TRADE» ЖШС сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған кәсіпорын. 

2009 жылы құрылған компания 10 жыл ішінде жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін дамытты. Сапалы шикізат және озық технологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікті құбырлар нарыққа ұсынылуда. Полиэтилен құбырлары жоғары сұранысқа ие. 

Кәсіпорын жеткізілетін өнімнің жоғары сапасына кепілдік беру, жеткізудің ең қысқа мерзімдерін, жеңілдіктердің икемді жүйесін қамтамасыз ету, клиенттерге ыңғайлы болу үшін жедел қорлар жасауға мән береді.

– Біздің құбырлардың жер асты монтаждау үшін кепілдендірілген қызмет ету мерзімі – 50 жыл. Осының арқасында бізге сенім артатын кәсіпорындар саны артып отыр. Және біздің қызметіміздің географиясы тұрақты түрде өсіп келеді, – дейді компания директоры Махаббат Қойбағарова.


Қала тазалығына мәдениет қызметкерлері де үлес қосты
Даму қорымен дамыған өндіріс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу