Даму қорымен дамыған өндіріс
Шымкент – өндіріске қолайлы аймақ. Бүгінде қалада үш индустриалды аймақ бар. Онда бірнеше зауыттар, өндіріс алаңдары бар. Тіпті кәсібін бастаймын деушілерге
«Kaz plast trade» ЖШС су және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырлар мен фитнигтер шығарады. Полиэтилен құбырларын өндіруге арналған шикізат – өлшемі 3-4 мм түйіршіктер, олар жоғары тығыздықты төмен қысымды полиэтиленнен (HDPE) PE80 және PE100 маркаларынан үздік ресейлік және кореялық шикізаттардан алынады.
Компания «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 2021 жылы «KZI Bank» АҚ-тан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алуға жылына 14 % несие алды. Оның 8 %-ын «Даму» Қоры субсидиялады.
Бүгінде мекемеде 50-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның алдына қойған басты міндеттерінің бірі – клиенттердің жоғары сапалы өнімге деген қажеттіліктерін толықтай өтеп және қысқа мерзімде қол жеткізу.
Компания өз жұмысында қарапайым принциптерді ұстанады. Олар: өнімнің жоғары сапасына кепілдік беру, қысқа уақытта жеткізу, жеңілдіктердің икемді жүйесін ұсыну, клиенттерге ыңғайлы болу үшін қоймада жедел қорлар жасау.