Есте сақтау қабілетін жақсартатын ойындар
Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған адам қоғамда жоғары бағаланады. Оқыған, көрген-білген нәрселеріңіз есіңізден тез шығып кететін болса, оның пайдасы шамалы. Біз аэробиканың, классикалық әуеннің есте сақтауға септігі тиетінін және жадты жақсартатын тағам түрлерін айтқан болатынбыз. Ендігі кезекте балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыратын ойын түрлерін ұсынамыз. «Мен қапшыққа салдым» Бұл ойынды балалармен жол жүру кезінде ойнауға болады. Ересек бала ойынды бастайды да, «Мен қапшыққа алма салдым» дейді. Келесі ойыншы «Мен қапшыққа алма салдым» деген сөзді қаталайды және әрбір сөз қосылады. «Мен қапшыққа алма және өрік салдым». 3-ойыншы барлық сөйлемді қайталап, ол да бір сөз қосады. «Мен қапшыққа алма, өрік, қант салдым». Ойын осылай жалғаса береді. «Атамның бақшасында өседі» Бұл ойын да бірінші ойын ережесімен жүргізіледі. Ересек бала «Атамның бақшасында қауын өседі» деп бастайды. Келесі бала осы сөзді толық қайталай отырып, ол өз ойынан тағы бір сөзді қосады. Ойын осылай жалғаса береді. Қорытынды: бұл ойында кімнің жеңгені, кімнің жеңілгені маңызды емес.
Баланың ойынға қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін жетілдіру керек. Пиктограмма Жанама есте сақтауды зерттеу әдісі. Сыналушылардың суреттерін талдау негізінде орындалу түрлерін анықтау. Жанама есте сақтаудың нәтижелілігін бағалау үшін қайта жаңғыртылған сөздер мен сөз тіркестерінің санын дұрыс анықтау. Пиктограмма әдісі Выготскийдің «есте сақтаудың жанамалық табиғаты» туралы идеясына негізделсе, ал Лурия бұл әдісті мимикалық практикаға енгізді. Бұл әдістеменің мәні «сөз-бейне» жүйесі қызметінің ерекшелігін ашуға, есте сақтауды құрал ретінде пайдалана білуге көмектеседі. Әдістемені топпен немесе жеке оқушымен жүргізуге болады. Әдістеменің өткізілуі Зерттеушілерге таза қағаз және қалам беріледі. Есте сақтау үшін сөздер және сөз тіркестері ұсынылады.
Сөздер көп болғандықтан бірден есте сақтау қиын. Сондықтан әр сөз айтылғаннан кейін сол сөзді еске түсіретіндей бір бейнені салуларыңыз керек. Сурет сапасын ешкім бағаламайды. Оны сіз есте сақтауды оңайлату мақсатында орындайтыныңызды ұмытпаңыз. Әр бейне айтылған сөздің нөміріне сәйкес келуі керек. Нұсқауды түсіндіргеннен кейін 30 секунд уақыт интервалында әр сөз кезек-кезек оқылады. Әр сөздің алдында реттік нөмірі айтылуы керек.
Дереккөз: massaget.kz