Үйден таңқурай киселін жасау

Oinet.kz 23-04-2019 1325

image_l (12).jpg


Дәмді, ашық түсті және пайдалы сусындардың бірі – кисель. Егер балаңызға бір тәрелке сорпаны тауыстыра алмасаңыз, оны бір стақан жидекті кисельмен ауыстыра аласыз. Ендеше, таңқурай киселін дайындаудың жолын ұсынамыз. 1 л кисельге қажетті ингредиенттер: - 1 л су; - 300 г балғын таңқурай; - 80 г (3-4 ас қасық) қант; - 90 г (3-4 ас қасық) картоп крахмалы; - 2 ас қасық басқа кез келген жидек (міндетті емес); - жалбыз жапырақтары. Дайындалу жолы: 1. Жидектерді езіп, кәстрөлге салып, қант саламыз. Оны аз отқа қойып, 800 мл су құямыз және қайнауға дейін апарамыз. 2. Қалған суық суға крахмал езіп, жіңішке етіп жидектермен қайнап жатырған суға құямыз. Әрдайым араластыра отырып, қоюланғанша тағы бірнеше минут баяу отта қайнатамыз. 3. Аздап суыған соң, сүзіп аламыз. Оны графинге құйып, дәміне қарай балғын таңқурай, құлпынай, қаражидек және жалбыз жапырақтарын саламыз.
Дереккөз: massaget.kz

Бет күтіміне арналған 7 лайфхак
Қай түстегі перизатты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу