«Маусымашар-2021» Шымкентте өтті

Oinet.kz 01-04-2021 531

Screenshot_6.jpg

Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және күлкі күні қарсаңында қалалық әзілқойлар мен тапқырлар сайысының «Маусымашар-2021» ойыны өтті. Оған қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен ең белсенді жастарынан құралған 30-дан аса команда қатысты.

Екі жыл үзілістен соң қала әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жайдарманның маусымы «Өзгерістер маусымы» деп аталады. Көңілді тапқырлар клубының әзіл кешіне жайдарман ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Қызықты да тартысты өткен сайыс қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. Ойын қорытындысы бойынша жайдарман сайысының жеңімпаз командалары анықталып, оларға қала әкімдігінің арнайы допломы мен естелік сыйлығы, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Төрешілердің шешіміне сәйкес, бірінші орын мен 300 мың теңге «Аты жоқ» командасына бұйырды. Ал, екінші орын мен 200 мың теңге «Миллион» командасы иеленді. Сонымен қатар үшінші орын мен 150 мың теңге сыйлыққа «Капитан» командасы лайықты деп танылды.

Еліміздегі пандемияға байланысты бүгінгі әзіл кешіне 100-ге жуық көрермен қатысты. Іс-шара барлық санитариялық талапқа сай өтті.


Шымкентте медициналық жабдық шығаратын зауыт салынбақ
«Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу