Карантин кезінде шағын және орта кәсіпкерлерге «Даму» қоры көмектесті

Oinet.kz 01-04-2021 1009

Screenshot_13.jpg

 «Даму» Қоры осы бағдарлама бойынша қаржы агенті және экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің несиесін субсидиялайды. Карантин режимі кезінде көптеген кәсіпкерлер несие төлемдерін кейінге қалдыру туралы өтінішпен екінші деңгейлі банктерге жүгінген. Мұндай өтінімдерді «Даму» қоры да қарастырды. Қорда 248 жоба қаралды, оның жалпы сомасы 15 миллиардтан астам теңгеге тең. 104 млн.теңге шамасында субсидия төленді. Барлығының несие төлеу мерзімдері кейінге қалдырылды. 

Коронавирустық пандемиядан туындаған жағдайдан бөлек, басқа да себептермен шағын және орта бизнес өкілдері өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 қаулысына сәйкес төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылғы 16 наурызынан 2021 жылғы 15 наурызына дейінгі аралықта экономика секторындағы зардап шеккен шағын және орта бизнеске 12 ай мерзімге субсидия беру туралы шешім бекітілді. Осылайша қызметтің 29 түрін көрсететін шағын және орта кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берешегін субсидиялауға мүмкіндік алды,-деді Шымкент қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бөлім басшысы Сабыржан Оразқұлұлы.

Сабыржан Оразқұлұлының айтуынша, Қор 177 жоба бойынша түзілген келісімшарттарды субсидиялаған. Жалпы несие сомасына келсек, 4,7 млрд теңге, оның ішінде төленген субсидия мөлшері - 72,4 млн теңге. Қор көмегімен қаржы алған кәсіпкер несие мөлшерлемесінің 6% төлейді, қалған айырмашылықты мемлекет өтейді. Несиенің базалық мөлшерлемесі 18% дейін барады.

«Даму» қоры Шымкенттегі полимерлік бұйымдарды өндіру жобасын қолдады
Кәсіпкерлерге 20 миллион теңгеге дейін несие береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу