Медицина мамандары шетелдік білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасады

Oinet.kz 01-04-2021 846

Screenshot_10.jpg

Туризм саласының сан түрі бар. Танымдық, діни (соның ішінде қажылық), мәдени, демалу, спорттық, т.б. Соның ішінде кейінгі кезде медициналық туризм өркен жайып келеді. Бұған әлемнің әр түкпіріндегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы себеп болып жатады. Бастысы, диагнозды дәл қойып, пациенттің сырқатын дөп басып айтататын әрі ауруынан айықтыратын білікті денсаулық сақтау мамандар медициналық туризмнің жандануына себеп болып жатады. 

Жуырда №1 қалалық клиникалық аурухана базасында «Эндопротездеу және остеосинтездің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді. 

Шара аясында Германия, Ресейден келген дәрігерлер мен №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА арасында төрт жақты меморандумға қол қойылады. 

Ынтымақтастық туралы келісім аясында жергілікті дәрігерлер шет елдік мамандармен бірігіп күрделі оталар жасайтын болады. Сондай-ақ аталған мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарлануда.

«Мұндай шетелдік тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, сонымен бірге Шымкентте медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді»- дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері А.Домбай


Мұрат Әйтенов Қазақстанның Сингапурдағы елшісімен онлайн кездесті
Шымкенттен шығатын дизельді генератор Өзбекстанға экспортталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу