Мұрат Әйтенов Қазақстанның Сингапурдағы елшісімен онлайн кездесті

Oinet.kz 30-03-2021 435

Screenshot_9.jpg

Шымкенттің республикалық маңыздағы қала мәртебесін алуы экономика секторына инвестициялық ағымның түсуіне қосымша серпін берді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Арыстановпен және сингапурлық кәсіпкерлермен онлайн форматта кездесті. 

Кездесуде тараптар екі жақ ынтымақтастық, инвестиция мәселесін қозғап, Шымкент қаласын одан әрі дамытудың жолдарын талқылады. 

- Қолайлы инвестициялық ахуал, бәсекелестігі жоғары орта, әл-ауқатының аса жоғарыға көтерілген деңгейі — экономиканың осы артықшылықтарының барлығы Сингапурды Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржылық және сауда орталығына айналдырды. Яғни менеджмент саласында көш бастап тұрған елдердің бірі деп білеміз. Осы орайда болашағы зор, Азия мен Еуропаны жалғайтын халықаралық хаб болатын Шымкент қаласына инвестиция жасауға шақырамын. Озық тәжірибелеріңізді қолдана отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді шаһар басшысы сингапурлық кәсіпкерлерге. 

Елші Аркен Арыстанов Қазақстан мен Сингапурдың арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғанына 28 жыл толғанын, осы уақыт арасында екі ел арасындағы өзара достық тек нығаюмен келе жатқанын назарға салды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сот жүйесі секілді салалардың кең ауқымын қамтитындығын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Сингапурда Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын мәдени іс-шаралар өткізу мәселесі де талқыға түсті.


Жылына 1 млн астам шоколадты кәмпит өндіретін кәсіпорын
Медицина мамандары шетелдік білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу