2025 жылға дейін туристік сала едәуір дамиды
Шымкенттің туристік әлеуеті жоғары. Десе де пандемия салдарынан олардың саны күрт азайған. қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның қала мәдениетіне, туристік саласына әкелген зардабын жою мақсатында осы бағытта жұмыс істеулерін тоқтатпаған. Керісінше қиын-қыстау уақытта жұмысты жүйелендіріп, туристік саланы дамытудағы 2025 жылға дейінші жоспарын бекітіп, бірнеше бағытта дамуды көздеген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта Үкімет туризм саласындағы үлкен жобаларды іске асыруда. Бұл жобаларға мемлекет және жеке Инвесторлар тарапынан 1 трлн - нан астам теңге салынады. Осы жобалар арқылы 22 мыңнан астам және аралас салаларда 100 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобалардың жартысынан көбі осы жылы аяқталады. Жобалардың бір бөлігі осы жылы басталып , 2022 және 2023 жылдары аяқталады.
«Біздің өңіріміздің тарихын ескере келе, мәдени-танымдық туризм, экологиялық туризм және де жаңа бағыт медициналық туризмді жағын дамытып жатырмыз. Жалпы тағы бір бағыт көршілес Түркістан облысымен бірлескен жұмыс. Алдағы уақытта жұмыстар туралы жоспарымызды бекіттік», - дейді қалалық туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев.
Сонымен қатар, үшінші мегаполисте полиция қызметкерлері мен туризм саласында жұмыс істейтін басқа да қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүруде. Шетелдік туристер ағынын және тиісінше елдің осы саладан түсетін кірісін ұлғайту үшін туризм индустриясын дамыту жөнінде орасан зор жұмыс жүргізу қажет .