Кәсіпкерлерге мүмкіндіктер көп

Oinet.kz 23-03-2021 688

Screenshot_4.jpg

«Shymkent INVEST» – «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі кәсібін жаңадан бастағандарға көмек қолын созады. Яғни, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық деп те атауға болады. Аталмыш мекеменің басты артықшылығы – кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық мекеменің бір орталықтан табылуында. Олардың қатарында, мәселен, «Даму» қоры, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, сәулет, қала құрылысы және жер қатынасы, ауыл шаруашылығы және ветеринария, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, тағы басқа ұйымдардың өкілдіктері бар. Келген адам әр мекемеге шапқыламай, «бір терезе» қағидасы бойынша бір орталықтан өзіне қажет барлық ақпаратты ала алады.

 – Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында. 16 шаршы метр жерге ай сайын 28 мың теңге төлеп тұрады. Басқа жекеменшік учаскелерді жалға алу құны айына 100-300 мың теңге аралығында болуы мүмкіні. Дегенмен учаскеге түсетін нысанды кәсіпкер өз қалтасынан салуы тиіс, – деді мекеме жетекшісі Саян Нүркенұлы. 

Фронт-офис арқылы кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының 4 бағыты бойынша көмекке жүгіне алады. Сонымен бірге осы бағдарламаның аясында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшілігімен арнайы гранттар қарастырылған. Яғни «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 583 400 теңге грантын ұтып алуға мүмкіндік бар. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, сол мекеменің жолдамасымен палатаның «Бастау-бизнес» оқу курсынан өтіп, грант конкурсына құжат тапсырады.


Шымкентте инвестициялық штаб құрылды
Қазақ Радиосының жүз жылдығы атап өтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу