Заманауи пластик ойыншықтар өндірісіне сұраныс көп

Oinet.kz 17-03-2021 790

Screenshot_1.jpg

Әр баланың балалық шағын қазақшаландырған «NAVRUZPLASTIC»  ойыншық шығаратын фабрикасы бүгінде шымкенттік брендке айналған. «NAVRUZ PLASTIC»  2004 жылы Шымкент қаласында құрылған. Бастапқы кезеңде кәсіпорын Өзбекстан, Қытай, Иран және Түркиядан ойыншықтар мен кеңсе тауарларын импорттаумен және көтерме саудамен айналысқан. Кәсіпорын иелерінің ұлы Наурызбек 2008 жылы Қытайдың Пекин қаласына оқуға түседі. Қытай тілімен қатар Пекин мемлекеттік университетінде жаңа технологиялар мен компьютерлік бағдарламаларды меңгеру курсын оқиды. 

Рабиға Байтемірова мен жары Шухрат Юлдашев  ұлы Наурызбекпен  2010 жылы ҚХР Гуанджо қаласындағы өнеркәсіптік тауарлар мен жабдықтар көрмесіне арнайы барып қайтады. Қытайлық өндірушілермен кездесіп,  келіссөз жүргізеді. Нәтижесінде Қазақстанда тұңғыш рет балаларға арналған пластмасса ойыншықтары зауытының негізі қаланады. 

- Бастапқыда Бутстрэппинг әдісімен фабриканы құруда өз қаржымызды қолдандық. Алайда мамандардың жетіспеуі және мемлекеттік қадағалау органдарының тарапынан өндірісті іске қосуда әртүрлі қиындықтар болды. Қазақстандағы тұңғыш балалар пластмасса ойыншықтары фабрикасын құру бойынша жұмысты қандай да бір кедергілерге қарамастан тоқтатқан жоқпыз. Осы қиын жұмыста бізге сол кездегі ОҚО әкімдігі, Даму Қоры және Қазақстан Республикасының шағын бизнес пен кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша тікелей қолдау көрсетілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да мемлекеттен көмек алдым, - дейді Шухрат Юлдашев.

«Navruz Plastic – ShR» сауда маркасы 2014 жылы отандық балалар пластмасса ойыншықтарын қарқынды өндіруді бастады. Қазіргі уақытта зауытта әртүрлі ассортименттегі балалар пластикалық ойыншықтарының жиырмадан астам сапалы түрі шығарылады. Біздің пластикалық ойыншықтар өндірісі қалдықсыз, өндіріс процесінде қоршаған ортаға улы немесе басқа шығарындылар шығарылмайды. Фабрика қызметкерлеріне өндірісте қауіпсіз жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасай отырып, олардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. 


Тарихшылар Цитательде бас қосты
Әдеби шығармалар байқауының арқауы – Тәуелсіздік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу