Тарихшылар Цитательде бас қосты
Тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі төбелер өлкемізде аз емес. Осындай мекендердің бірі — Шымкенттегі «Ескі қалашық» шағынауданы. Қазір бұл аймақ жаңаша түрленіп, өзгеше кейіпке енуде. «Цитадель» – Шымкент қаласының бірегей мәдени-тарихи аймағы, қала орталығында, бұрындары ежелгі қалашықтың бекінісі болған жерде орналасқан. Шымкентте «Наурыз Шымкенттен басталады» онкүндігінің аясында іс-шаралар жалғасуда.
Шымкент қаласының 2200 жылдығы тақырыбына арналған Цитадельде PUBLIC TALC форматындағы тарихшылармен кездесу өтті.
Шымкент – Қазақстандағы тарихы терең қалалардың бірі. Тарихшылардың зерттеуі бойынша, шаһардың негізі қаланғанына екі мың жылдан асқан. Бұл қала маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер негізінде дәлелденген. Қазіргі кезде осы жәдігерлер мұражайда сақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының тамашалайтын көрнекті жеріне айналған.
Шымкенттегі Цитадель шаһардың 2200 жылдық тарихының айғағы. Қазіргі таңда бой көтеріп жатқан Ескі қалашық туристік брендке айналуы тиіс. Себебі, бұл аймақ көне Ұлы жібек жолы керуенінің тоғысқан жері. Талай сырды қойнына басып жатқан қалашықтың орнына тұрғызылған қамалдың құрылысы да сәтті жүріп, бүгінде тарихтан сыр шертіп тұрған бір мекен.
Қала тарихына арналған кездесулердің Цитадельде ұйымдастырылуының маңызы зор. Іс-шарада тарихшылар, музей қызметкерлері келушілерге қала тарихы жөнінде баяндап, музеймен таныстырды. Кездесуге Атырау облысынан блогерлер арнайы келіп қатысты.