ТМД-ға танымал теңдесі жоқ кәсіпорын

Oinet.kz 26-03-2021 1018

Screenshot_15.png

Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС баламасы жоқ өнімдерімен танымал. Зауыт халықаралық стандарттарға сай келетін 17 медициналық бұйым өндіреді. Қазіргі таңда отандық ортопедиялық жабдықтардың бағасы басқа өндірушілерден қарағанда әлдеқайда төмен. 

Кәсіпорын жылына 500 000 таңғыш пен 274 000 ортопедиялық заттар шығарады. Өнімнің бұл түрі әртүрлі сынықтарға қолданылады және оның жеңілдігімен, икемділігімен және тез қатаюымен ерекшеленеді.

Таңғыш жасалған материалына қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай:

-Қорғайтын таңғыш болады – ол жараны инфекция түсуден қорғайды.

-Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым жасайды.

-Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.

-Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады.

-Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.

-Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.

Таңғыш ретінде дәкеден істелген бинт, мақта, эластик бинт, торлы-түтікше бинт, мақта-мата материалын қолданады. Материал ретінде – ағаш, гипс, металл, пластмасса, клей т.б. қолданады.

Өткен жылы эпидемиологиялық ахуал өршіген кезде «Даму» Қоры қолдау көрсетті. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктен 14,95% несие рәсімдеп, 8,95% «Даму» қоры субсидиялады.

Бүгінгі таңда «Marai E7 Group» компаниясының өнімдері аллергия тудырмайтын, ылғалданбайтын, ісінбейтін және рентгендік диагностикаға кедергі келтірмейтін сапалы өнімдерімен сұранысқа ие. 

Мемлекеттің қолдауымен сандық шеберханасын ашқан шебер
Шымкенттің мәдениет саласын республика деңгейіне көтеру қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу