«Шымкент мәдениет үйі» мерекелік бағдарламасын ұсынды

Oinet.kz 23-03-2021 618

Screenshot_3.png

«Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда», - деп көктемнің айтулы мерекесі Наурызды жыл сайын дүркіретіп тойлаушы едік. Биыл шырайлы Шымқалада мереке ерекше аталып өтті. Оған себеп жыл басынан бері үшінші мегаполиске бірнеше өнер адамдары қызмет бабымен ауысып келіп, тағайындалып жатты. Мәселен, белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Шымкент мәдениет үйінің» директоры болып тағайындала салысымен биылғы Наурызды дүркіретіп өткізуге уәде берген еді. Берілген сөзге орай Ұлыстың Ұлы күні Шымкент қалалық Мәдениет үйі әннен шашу шашты.

Мерекелік кештің шымылдығын қалалық Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев ашты.

- Құрметті шымкенттіктер, Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын! Қалалық Мәдениет үйінің сіздер үшін дайындаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар! - деді Сәкен Қордабайұлы.

Наурыз мейрамы онкүндігі аясында мегаполистің жұлдыздары шымкенттіктерге керемет көңіл күй сыйлады.

Атап айтқанда, Сәкен Майғазиев, Айгүл Азатова, Нұржан Жүнісбеков, Айнұр Назарбекова,Жамбыл Нұрлыбай, Ерлан Асанов, Әйгерім Тәжі, Астана Қарғабай, Жұлдыз Шүкірбаева халықты әсем әндерімен қуантып, “Қазына” би ансамблі өз өнерлерін паш етті.


«Наурыз айтыстың» жүлдегерлері анықталды
Ұлттық тағамдар ұмыт қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу