«Назарбаев 50 мың доллар берді» - Тұңғышбай Жаманқұлов (видео)

Oinet.kz 26-03-2021 3802

Кино және театр актері Дулыға Ақмолда Елбасының арқасында баспаналы болғанын жеткізді. Бұл туралы ол «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді.  

Елбасы мен Тұңғышбай.jpg

90-шы жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

- Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-шы жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан Елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым, – деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

«Ұят-ай деп осыны айтады жағымпаз депутаттар» - белгілі кәсіпкер
Тұңғыш отбасылық кітапхана Шымкентте
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу