Кешіру арқылы сауығу

Oinet.kz 22-04-2019 1057

image_l (56).jpg

Өзіңізді емдеудің қарапайым әрі ұлы әдесі кешірімде жатқанын білесіз бе?   Ойлаңызшы,біздің өміріміз қай кезде жақсы болуы мүмкін? Әрине, өзімізді өзіміз жақсы көрген кезде ғана өміріміз жақсарады. Ал өзімізді жақсы көру — ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады.   Өзіңді жақсы көру сенімділік сыйласа, кешіру дерттен айықтырады. Өмір болған соң бәріміз біреуге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Жағымсыз ойлар сіздің миыңызға маза бермей, санаңызды улайды. Жүрегіңіз шырмаулы өкпеден босамаса, күйзелістің шыңырауына құлап үлгересіз.   Кешіру-ренішті сейілту. Кешірім ету арқылы сіз өз санаңызды азат етіп, сауыға аласыз. Бүкіл сұрақтар мен проблемалардың шешімі жай ғана кешірім етуде жатыр. Қалай адам ауыра бастайды солай өз кеудесінен кешірім етілуі қажет адамды іздеген жөн. 

  Егер сіз ағылшын жазушысы Луиза Хейдің «Көгілдір кітабы» атты шығармасын оқысаңыз, автордың қатерлі ісікпен күресіп, соңында кешірім ету дағдысын бірінші кезекке қойып,емі жоқ дерттен қалай құтылғанына куә боласыз. Иә,өзіңізге көмектесудің еш қиындығы жоқ.Сізге түсінікті болуы үшін кітаптағы кешірім ету дағдысын ұсынамын.   Сіз белгілі бір адамды кешіргіңіз келсе кешірілушінің де, кешірім етушінің де есімін айта отырып, «сенің мен қалағандай бейнеде бола алмағаның үшін де сені кешіремін» деген осы секілді сөйлемдерді 7 күн бойы күніне 70 реттен айту арқылы бойыңызды жеңілдетіп, сізді меңдеген дерттен кешірім етіп арыла аласыз.   Қазір бақытты күйде болмауыңыздың себебі — сіздің көңіліңізге қаяу салған өз іс-әрекеттеріңізді немесе өзгенің іс-әрекеттерін кешіре алмай жүргеніңіздің көрінісі.

Дер кезінде кешірім жасамау өз бойыңызға ауру жасушаларын жинақтайды.Тәндегі аурулардың көбісін шақыратын себептер — ұрыншақтық,ашу,кешірмеу және айыпты сезіну. Мәселен,ескі реніш- қатерлі ісікке,өзгелерді сынау — ревматизмге, өмірден шаршау — өкпе қабынуына,өзін кем санау,қуана білмеу — анемияға апарып соқтырады.   Кез-келген аурудан үзілді-кесілді жазылу үшін оның психологиялық себептерінен құтылмасақ бұл — арамшөпті жұлғанда тамырын қалдырып кетумен бірдей.   Кешіріңіз…Кешірім арқылы өміріңіз өзгеруі мүмкін!
Дереккөз: massaget.kz

Бір күні менің ұлым болғанда...
Әйелмен түсінісудің тәсілдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу