Дүкеннен сатып алған киімдерді неге жуу қажет?

Oinet.kz 22-04-2019 1029

image_l (52).jpg

Бұл шара сіздің алдыңызда киімді киіп көрген адамның қотыр болу ықтималдығына байланысты емес. Дегенмен дүкеннен сатып алған киім-кешек қаптамасынан ашылмаған, ешкім киіп үлгермеген болса да, оны жуып алыңыз. Оның себебін түсіндірейік... Сөреге жеткенше киім-кешектер өңдеуден өтеді  Бірінші кезең — ағарту. Бастапқыда барлық табиғи маталар (жіптер) қоңырқай түсті. Оларды табиғи түсінен айыру үшін хлорға, сутек тотығына, қышқылдарға және басқа да ағартқыштарға салады. Кептіріп, үрлейді. Мата бетінде не қалады? Әлбетте ағартқыш ерітінділердің қалдықтары. Тіпті еріткіштермен реакцияға түскен пигмент қалдықтарының болуы да ғажап емес. Егер жаңа тігілген киімді кисеңіз, оның үстіне теріңіз сезімтал болса, аллергиялық реакция алуыңыз мүмкін. Екінші кезең — матаны бояу немесе бетіне сурет түсіру Дәл сол процедура. Ылғал бояу (анилин азобояулар) матаға жағылады, содан соң кептіріледі.

 Мата неғұрлым қалың, фактуралы болса, кеуіп қалған бояулардың микробөлшектері соғұрлым көп қалады. Негізінен көпшілік анилин бояулар канцерогендер. Кейде бояулар жоғары температурадан қатып қалып, суда ерімеуі мүмкін. Кейін сіз терлегенде денеңізге түседі. Үшінші кезең — сатылымға дейінгі дайындық Сіз тек шоурум, бутиктерден ғана киінесіз делік. Гастарбайтерлер түні бойы тігетін цехтардың санитарлық жағдайы туралы айтпай-ақ қояйын. Ең табиғи деген дайын киім-кешек Қытайдан дүкенге жеткенше зең басып, көгермеуі үшін, бүктеліп мыжылмауы үшін өңделеді. Киім су сіңірмейтін ерітінділермен бүркіледі. Оның гипоаллергендігі туралы айту артық. Сонымен қоса, формальдегидті шайырмен өңдеу процесі бар. Бұл киім қатты мыжылмауы үшін қажет. Жіп иірілетін станоктан дүкен сөресіне жеткенше матаны, киімді ешкім жумайды. Оған тек сіздің теріңізге ұнамды бола қоймайтын ерітінділер мен қоспалар жағылады.
Дереккөз:massaget.kz

Оқушыларға қандай кеселдер үйір?
Жарасымды жұптардың жеті қағидасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу