Некеге дейін талқылануы тиіс түйткілдер

Oinet.kz 22-04-2019 933

image_l (50).jpg

Жігіт пен қыз бір-бірімен көңіл жарастырып, болашақты бірге жоспарлаған сәттен бастап неке туралы сөз болады. Алайда некеге отырғаннан кейін талқылануы кеш болатын мәселелер бар. Бала. Адамның өмірдегі ең басты миссиясы артына ұрпақ қалдыру десек те, өмірге бала әкелгім келмейді дейтін адамдар да кездеседі. Бұл көп жағдайда қазаққа жат қылық, әрине. Жігіт пен қыздың бірі көп баласы болуын қалайтын, бірі 1-2 баланы жеткілікті санайтын болуы да ықтимал. Тіпті қыз балам болмауын қалаймын дейтін адамдар да кездеседі. Бұл тұрғыдан ерлі-зайыпты болар адамдардың пікірі тура бірдей болмаса да, ұқсас болғаны абзал, әйтпесе соңы дауға ұлауы да ықтимал. 

Өмірге көзқарас. Өмірде түрлі адам бар. Біреулер тіпті шүкіршілік айтудың өзін артық санауы мүмкін. Кей жігіттер болашақта өз әйелі толықтай жабық киінгенін қаласа, кей қыздар киіну стиліне ешкімнің араласпағанын қалайды. Сондықтан бұл мәселені де үйленбес бұрын шешіп алған дұрыс. Адалдық. Қоғамда аз-ақ қалған осы ұғым туралы да екі жақтың көзқарасын анықтап алған артық болмайды. Кімге қаншалықты маңызды, кім қаншалықты сезімге адал болып, отбасын сақтап қалу үшін барын сала алады. Егер біреуі опасыздық жасаған жағдайда мәселе қалай шешіледі, осы сұрақтың барлығы талқылануы тиіс. Ақша. 

Өмірде одан да маңызды нәрселер көп болғанымен, нарық заманында махаббаттан да ақшаны биік қоятындар саны артқан. Бір отбасыда ақшаны әкесі ұстаса, енді біреуінде анасы ұстайды. Мұны көріп өскен бала өзінің де болашақ отбасын солай елестетеді, яғни ақшаны қыздың отбасында анасы, ұлдың отбасында әкесі басқарған болса, бұл жұпта талас туындауы мүмкін. Ал егер отбасының бюджеті толықтай жігіттің анасына тиесілі болып, келіні барлық табысын енесіне тапсырып отыруға міндетті болса, бұрын бар қаражатын өзіне ғана жұмсап дағдыланған ару оған көндіге қоюы оңай емес. Міне, қаражат мәселесін де алдын ала шешіп алудың маңызы осыдан көрінеді. Зиянды әдеттер. Ішімдікке, темекіге, есірткіге көзқарасы қандай? Құмар ойындар, компьютерлік ойындарға қалай қарайды? Бұл сұрақтар да бірінші қойылуы тиіс сауалдар қатарына жатады. 

Отбасын ортасына түсіретін себептердің бірі осы болуы да мүмкін. Қазір осы зиянды нәрселерді жиі тұтынатын болып, үйленген соң немесе балалы болған соң қоямын десе, оған сену бос әурешілік. Қойған жағдайда да кез келген уақытта қайта бастауына күмәніңіз болмасын. Бұл кемшіліктеріне көз жұма қарай аламын деген жағдайда ғана қарым қатынасты жалғастыруға болады.
Дереккөз: massaget.kz

Әйелдің отбасындағы негізгі міндеттері
Жоғары интеллекттің 6 белгісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу