Отандық танымал фильмге түскен актер малшыға айналып кеткен (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 4022

Қазіргі таңда отандық "Астарлы ақиқат" бағдарламасында "Құлдықтағы королева" атты бөлім жүріп жатыр. Онда, Сарбиназ есімді азаматша әлеуметтік желі арқылы бір жігітке құлдықта екендігін айтып, көмек сұрауда. Оны қожайынның қолына тапсырып, тастап кеткен күйеуі актер болып шықты. 

Кенже Ешимов.jpg

Оның аты-жөні Кенже Ешимов. Ол "Секер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актер екен. Актерлықтан малшы, малшыдан сыпырушы болған Кенже Ешимовтың қазіргі таңда көлік жуушы екені анықталды. Ал, оны "Секер" фильміне алып келген режиссер оның болмысынан, мінезі туралы баяндады. 

- Талдықорғанда жетім балаларды тәрбиелейтін балалар үйі бар. Сол жерге барғанда үш-төрт баланы көрдім. Сол үш-төрт баланың ішінен Кенде ұнап қалды. Ересектеу екен. Көзінде мұң бар екен. Байқалды. Кейін сөйлесіп отырсам табиғаты бөлектеу. Бір-екі рет қашып кетті, жоғалып кеткен. Өзінің бір мінезі бар деді. Мінезі болғаны жақсы. Мінезсіз актер, актер емес. Ешқандай бұзықтықты байқамадық. Бізге көмектесіп жүрді. Сондай тірі жан өзі. Тіршілігі бар - Сәбит Құрманбеков "Секер" фильмінің режиссері.

Сондай-ақ, Кенже Ешимовтың өкіл әкесі оның балалар үйіндегі тәрбиесі жөнінен хабардар етті.

- Иә. Бұл бала 2006 жылдары келді. 1993 жылғы, 14 жасқа жуықтап қалған кезі. Менің айтайын дегенім, дәл осы оқиғаны естігенде төбе шашым тік тұрды. Кенже өте алғыр бала болды. Айтқанды екі етпейтін, түсіне қоятын. Ол өзі қалаған үйірмелерге қатысып жүрді. Тіпті, "Секер" деген фильмде ойнады. Актерлік шеберлігі өте басым болды. Ол біздің "Айналайын" балалар үйінің мақтанышы болды. Оның ұрлық жасапты, төбелесіпті дегенін естіген емеспіз. Мен оны Елебеков атындағы цирк-эстрада колледжіне түсірген болатынмын. Сондай дарыны бар болғандықтан оны басқа жаққа қимадым. Өкінішке орай оқымай кетті. Әйтеуір бір сылтауларды айтты. Содан кейін көз жазып қалдым мен. Біраз жылдар көрмей кеттім. Содан кейін хабарласты. Бір жақта біреудің малын бағып жүрмін деді - дейді Кенженің өкіл әкесі Мұсақожа Ержұма.

Бейсен Құранбек пен «Тақиялы періштенің» фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қазақстандағы кәрістер «ояна бастады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу