Джинс шалбарды сәнді етіп киюдің тәсілдері

Oinet.kz 19-04-2019 1537

image_l (12).jpg

Джинс шалбарлар ешқашан сәннен шыққан емес. Олар күнделікті өмірде де, маңызды шараларда да киіле береді. Денимді (джинс) блейзерлермен де, оверсайз-жейделермен де, кроп-топтармен де, футболкамен де, тіпті худимен де үйлестіруге болады. Егер сіздің сүйікті джинс шалбарыңыз ескірсе не бір киімді кие беруден жалықсаңыз, оны лақтыруға немесе ауылға беріп жіберуге асықпаңыз, себебі, ескі киімді кию тәсілін өзгерту арқылы жаңартуға болады. Джинс шалбарының балағын түрлендіру арқылы сәнді көрінуге болады.

1. Балақты қайыру Сәнді көрінудің ең қарапайым тәсілі — шалбар балақтарын қайыру. Өз көзіңізге қай ұзындық үйлесімді көрінсе сол жерге дейін қайырып қойыңыз.

 2. Бір сүйем қайыру Кейбір аяқ киімдер балағы бір-ақ сүйем қайырылған шалбарлармен ғана үйлеседі. Мысалы, классикалық туфли киген жағдайда осы тәсіл ұтымды көрінеді. 3. Балақтың тігісін сөгу немесе шашақтау Жоғарыда айтылған екінші тәсіл көбіне жұмысқа немесе басқа да ресми жиындарға сай келетін болса, бұл әдіспен өңделген шалбар күнделікті өмірде, саяхат жасаған кезде әдемі көрінеді. Оның үстіне, биыл шашақты ковбой шалбарлар трендке айналып отыр. 4. Балақтарды тобықтан жоғары қайыру Бұл тік модельдегі джинс шалбарларға жақсы сәйкес келеді.

Дереккөз: massaget.kz

Сіз не үшін байымайсыз?
Қалай сымбатты болуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу