Смартфон экранындағы көк сәуле теріге зиян ба?

Oinet.kz 17-04-2019 901

image_l (16).jpg

Мектеп кезінде физика сабағынан түрлі толқындардың қоршаған ортаға әсері туралы оқығанымыз есіңізде ме? Радиоқабылдағыштар, микротолқынды пештер, ұялы телефондар пайда болғаннан бері мұндай әсер беретін дүниелер саны артып келеді. Қазір телефондар мен планшеттердің экрандарынан шығатын көк сәуленің зияны туралы ақпараттар легін жиі жолықтыратын болдық. Бұл рас па? Байқап көрейік!  Көптеген адамдар құдды гаджеттеріне желімденіп қалғандай олардың алдында  көп уақыт өткізеді. Бұл ғалымдарды  гаджетоманияның адам денесі мен миына қалай әсер ететінін зерттеуге алып келді. Өкінішке орай, зерттеу нәтижелері зиян бар екенін дәлелдеп отыр. Көгілдір жарықтың ұйқыға, көру мүшелері мен жадқа теріс әсерін тигізетіндігі анықталды, ол адамның терісін де қартайтады екен.  Бұл қандай сәуле? Физика сабағынан оқығанымыздай толқындардың әртүрлі ұзындықтағы спектрлері бар. Бірі жоғары жиілікті ультракүлгін болса, екіншісі - төмен жиілікті инфрақызыл сәулелер. Көк сәуле осы спектрге жатады. Біз үнемі осылардың ортасында жүреміз. Себебі, олардың шығаратын негізгі көз - Күн.'

 Ол сәулелену арқылы ұйқы циклын реттейді. Смартфондар, компьютерлер мен теледидар экрандары да оны шығарады, бірақ бұлардың еш пайдасы жоқ.  Сонымен, көк сәуле теріге зиян ба? Бұл мәселе жеткілікті түрде зерттелмеген. Бірақ сіздің теріңіз пигментацияға бейім болса, көгілдір жарық оны ушықтырып жіберетіні сөзсіз. Мысалы, әйел адамдардың терісінде ультракүлгін сәулелердің әсерінен туындайтын гормондар шоғырлануын  мелазма деп атайды. Соңғы жылдары көк жарықтың мелазма тудыратыны және одан құтылу процесінің қиын екені анықталды. 

 Клиникалар мен сұлулық салондарындағы көгілдір жарықты терапиялық шамдар ше?  Оларға басқа ұзындықтағы сәулелер пайдаланылады, экрандардың жарықтылығына қарағанда олардың терапиялық әсері бар. Ол эластин мен коллаген өнуін арттырады, безеу мен басқа да қабынулармен күресуге көмектеседі.  Көк сәуле әсерінен қалай қорғануға болады? Күннен қорғайтын кремдер жағып жүрген жөн. Сонымен қатар, антиоксиданттар мен май қышқылдары өнімдері теңестірілген диета да маңызды. Смартфонға көк жарық сүзгісін қоюға болады.
Дереккөз: massaget.kz

Сән тарихы туралы қызықты 3 кітап
Медиа данышпан Франка Соццанидің жеке заттары бәссаудаға қойылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу