Махаббат туралы нақыл сөздер

Oinet.kz 12-04-2019 4124

image_l (25).jpg

"Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты" - деп Абай атамыз айтқандай, махаббат сонымен қатар адам өмірін әдемі ететін дүние.  Шын махаббат қайтарымды немесе есептелген дүниені  қажет  етпейді. Ол шынайылық пен адалдықты ғана талап етеді.  Адамзат баласының бойындағы ең ұлы сезім махаббат жайында жыр жазып, қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ. Назарларыңызға солардың бір топтамасын ұсынамыз.  

Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Абай Құнанбаев

 Махаббат неғұрлым азапты болса, соғұрлым зәззатты болады. Халық сөзі

 Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді. Әзілхан Нұршайықов

 Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығын үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей.

 А.Чехов Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес, іспен білдіріледі. В.Шекспир

 Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі. А.С.Пушкин

 Махаббат – екінші рет дүниеге келу.   О.де Бальзак   

Махаббат – күн сайын дәлелдеуді талап ететін теория.   Архимед Махаббат

 – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз дара ұғым. Оралхан Бөкей 

Шын сүю өзіңді мүлде ұмыту. Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш. Қадір Мырзалиев

 Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін. Жүсіп Баласағұн 

Махаббат – адамзаттың ең қызық және кешірімді әлсіз жері.   Ч.Диккенс
Дереккөз: massaget.kz

Сезімтал тері күтімі
Изабель Маранның сұлулық сырлары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу