Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Елордада болған жантүршігерлік жол апатынан 27 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Эльвира Жүргенбаеваның сөзіне сүйенсек, зардап шеккен 25 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
"Жол апатынан 27 жолаушы зардап шегіп, 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қаза тапты. 25 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушының жағдайы ауыр, 3 адамға операция жасалып жатыр. Ал 3 науқас ауруханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында", - деді ол.
Сонымен қатар, Жүргенбаева хабарлағандай, зардап шеккен фельдшер қалалық №1 ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған екен. Тағы бір зардап шеккен фельдшер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ол тізесінен жарақат алған, жағдайы қанағаттанарлық.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең 9.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус жантүршігерлік жол апатына түсті. Әуелі қала сыртына қатынайтын №303 автобус №12 бағдарлы автобуспен соқтығысып, содан соң №53 автобус пен жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Полиция жол апатының қалай болғаны анықтап жатыр.