Ақ халаттыларды автобус тасымалдайды

Oinet.kz 27-04-2020 542

Screenshot_20.png

Шымкент қаласында қоғамдық көліктер тоқтады. Автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкіндігін ескерген бас санитар осындай шешімге келген.

- Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте.

М.Пернебайұлының мәлімдеуінше қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Оларда 2 адамнан артық жолаушы алуға болмайды. Тіркелмеген таксилерге рұқсат жоқ екенін де қоса айтты. Тасымалдаушы компания басшыларына бағаны қиын-қыстау күндері көтермеу бойынша ұсыныс айтылды.

Бүгінде Шымкенттегі медицицналық мекеме қызметкерлерін тасымалдау үшін арнайы 106 автобус бөлінген. Оған қоса қала аумағында орналасқан Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекеме қызметкерлеріне 28 автобус қызмет етуде. Қаламыздағы 21 ірі өндіріс орнының қызметкерлерін тасымалдауға тоқсан көлік бөлінген.

Естеріңізде болса, бұған дейін алдыңғы шепте жүрген жүзден астам медицина қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы қонақүйге орналастырылған болатын. Қазіргі таңда қалалық денсаулық сақтау басқармасынан тағы 40 орындық қонақүйге сұраныс түскен.


Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ
Карантиндік орталықтар ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу