Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ

Oinet.kz 30-04-2020 569

Screenshot_19.png

Шымкенттік науқастар дәрі-дәрмектен тапшылық көрмейді. Әсіресе созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұратын дәріге «байланған» пациенттердің дертіне шипа болар препараттар жеткілікті. Бұл туралы СК-Фармация мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына амбулаториялық жағдайында емделушілерге және диспансерлік есепте тұрған пациенттерге  2,4 миллиард теңге құрайтын 382 атаулы  дәрі-дәрмек жеткізілді. 

СК-Фармация мекемесінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда, Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға, 4,6 миллиард теңгеден асатын дәрілік заттар мен медициналық  бұйымдарға тапсырыс берген.

Бүгінгі таңда пациенттерге 1,6 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектер берілді.

Сонымен қатар, 2020 жылға стационарлық жағдайында емделетін науқастар үшін  Шымкент қаласының медициналық ұйымдары 5,3 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектерге тапсырыс берді. 

Оның 4,7 миллиард теңгеден астам дәрі-дәрмегі  қазіргі таңда жеткізілді.

Дәрілер амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауруханаларға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға жеткізілуде. Сондай-ақ қазіргі таңдағы төтенше жағдайға байланысты үйден шыға алмай отырған пациенттерге, яғни диспансерлік есепте тұрған және тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алатын азаматтарға мамандар дәрі-дәрмекті  жеткізіп беруде. 


Қорғаныш өткелі
Ақ халаттыларды автобус тасымалдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу