Құрылыста тоқтау жоқ

Oinet.kz 15-04-2020 684

Screenshot_3.png

Карантинге қарамастан Шымкентте құрылыс жұмыстары  тоқтап қалған жоқ.  «Мемлекеттік бағдарламалар аясында шаһарда салынып жатқан тұрғын үйлер мерзімінде аяқталады. Жұмыс күші жетеді. Баспана кезегінде тұрғандардың уайымдауына еш негіз жоқ»,- дейді сала мамандары. 

Бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Алайда, Шымкентте карантин жарияланған соң қиындық туындапты. Жұмыс аптасының алғашқы күні қалада тұратындар шахардағы тосқауыл бекеттерінен өтемін деп жұмысқа кешігіп жетті. Ал көрші аудандардан келетіндер келе алмай қалған. Сондықтан құрылыс компаниясы қосымша жұмысшы қабылдаған.

«Бүгін жұмысқа кіріскенімізге бірінші күн. Біз Қайнарбұлақтан жеттік. Бірнеше бекеттен өткенше, жұмысқа кешігіп қалдық. Қазір тұрғын үйдің ішіндегі сылақ жұмыстарына дайындық жүргізіп жатырмыз. Осы қабаттағы бөлмелерді бітіруіміз керек. Жұмысшыларға сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді», дейді құрылысшылардың бірі.

Шаһарда салынып жатқан 78 тұрғын үйдің 59-ы несиеге, 19-ы жалға берілетін баспаналар. Соның сегізі мамыр айында пайдалануға тапсырылуы тиіс. Жыл соңына дейін 44 тұрғынға баспана үлестіріледі.

Құрылыс басқармасының өкілі қала аумағындағы бірде-бір нысандағы жұмыстың тоқтатылмайтынын айтады. Оларды жұмыс күшімен толық қамтамасыз ету үшін әрі қаладағы бос азаматтарды табыс көзімен қамту үшін қалалық әкімдік Нұр-Сұлтан, Алматыдағы құрылыстардан босаған мамандарды жұмысқа шақырады.  «Жұмыспен қамту орталығына ұсыныс хатпен шықтық. 400  маман керек. Сұранысқа әсіресе, дәнекерлеушілер, түрлі жұмысшылар қажет»,- дейді  Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев. Жұмыс іздеген азаматтар жұмыспен қамту орталығына бармай -ақ , үйде отырып орталық мамандарымен хабарласа алады.


Перзентхана жаңаруда
Қала бюджеті ұлғайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу