Перзентхана жаңаруда

Oinet.kz 15-04-2020 698

Screenshot_2.png

Миллионды қала Шымкентте жыл сайын қала тұрғындарының саны артып келеді. Демографиялық өсімі жақсы шаһардың перзентханалары да заманға сай болуы тиіс.

Жаңашылдыққа ұмтылған  қалалық перзентханада қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті ем-дом алуда. Жөндеу жұмыстары аяқталысымен жаңа бөлімге көшіріледі. Аталмыш медициналық ұйымның жөндеу жұмысына бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді.

Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталып, заман талабына сай жаңғыртылып жатыр. Құрылыс барасында қала әкімі ғимарат маңында автотұрақ мәселесін шешуді тапсырды. Қажет болған жағдайда қос қабатты ашық автотұрақ салуға болатынын айтты.

– Жалпы қалалық перзентханада жыл сайын тоғыз мың нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 10 мың ананың босануына мүмкіндік жасалатын болады, - дейді перзентхананың бас дәрігері Мәдина Кенжебаева.


Қала әкімі дәрігерлерге алғыс айтты
Құрылыста тоқтау жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу