Келінім кекшіл

Oinet.kz 07-03-2019 1418

548-1476212615-5fd48bb563.jpg

Келінімнің мінезі қиындау. Ұлымның бақыты үшін оны қабылдаған болатынмын. Дегенмен, кекшіл мінезі  қазір де үй тыныштығына түрткі. Ол үшін ұлыммен де ренжісіп қала беремін, ал келініме жайлап айтуға тырысқаныммен мені мүлдем тыңдамайды. «Жай ғана маған көмектесіп жіберші» деп сұрасаң, өзімді жағамнан алады, «таспен атқанды таспен атады». Ал ұлым болса жуас. Мен айтсам, ренжиді. Не істерімді білмеймін мен...

                                                                                             Айымжан  Есенғазы

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

«Сабыр түбі-сары алтын» деп бекерге айтылмайды ғой. Расыменде, төзе білген адамға, шыдамдылық таныта білетіндерге өзіндік сый бар.  Бір жамандық артынан бір жақсылық. Ұлыңызға ашуланбай, жайлап түсіндіріңіз.  Ең бастысы, ол сізді тыңдай білуі қажет. Келіннің жаман болғаны отбасының ұйытқысын кетіретінін айтыңыз. Арада сыйластық болмаса қарым-қатынастың да дұрыс болмайтынын ескертіңіз. Бәлкім, келініңізді өзіңіз басыңызға шығарып алған  шығарсыз. Басында келгенде-ақ  өзіңізді сыйлата біліңіз, ұлыңызға жақсы ана, жолдасыңыз үшін ақылды әйел, ибалы келін бола білсеңіз... міне, о бастан сіздің орныңыз білінеді. Және жуас, ақкөңіл болсаңыз бірден  басыңызға шығып алуы  мүмкін. Әр нәрсенің өзіндік орны бар, мейірімді болатын кезде мейіімді болыңыз, ұрысатын кезде ұрысыңыз.  Сол кезден бастап бірденеңі дұрыс істемесе немесе тыңдамаса бетімен жібере салмаңыз. Сонымен қатар, «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады». Өзімен жайлап сөйлесуге тырысыңыз, ақылыңызды айтыңыз, көңілі толмайтын дүниелерді айтсын, ашық  әңгімелесіңіз. 

Немесе  еншісін беріп, өздерін бөлек шығарып көріңіздер. Мүмкін  алыстан араласқан пайдасын тигізер.

  Дереккөз : anabol.kz

Мүгедек балаға көрсетілетін көмектер
Жігітті қалай қылығыңмен қызықтыруға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу