Енеммен татуластырған - «АНА БОЛ» сайты

Oinet.kz 07-03-2019 1215

547-1476211890-dde4416087.jpg

«Ана бол» сайтының ұжымы және оқырмандары! Сіздердің сайттарыңыз арқылы жанымның жарасын емдеген жандардың бірімін. Осыдан үш ай бұрын енеммен мүлде тіл табыса алмайтыным жөнінде хат жазып, көмек сұрап едім. Көп ұзамай сіздерден жауап та келді. Енеммен оңаша отырып барлығын сөйлестім, ашық әңгімелестік. Ол кісінің де маған айтары көп екен. Екеуміз бір-бірімізге барлық өкпе-ренішімізді айтып, ішімізді босаттық. Ал бүгін енем екеумізден асқан тату, сырлас адам жоқ. Әр мереке сайын енеме сыйлық жасап қуантып тұрамын. Ал ол мені өз қызындай, сырлас құрбысындай көріп кетті. Қазір «АНА бол» сайтын мен ғана емес, енем де жібермей оқитын болды. Барлығы сіздердің сапалы жұмыстарыңыздың нәтижесі. Сіздерге енем екеуміздің рахметімізді жеткізгім келеді.

 Психолог ханым және журналдың өзге де тілшілері, сіздердің отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, береке-бірлік тілеймін! Елдің алғысына бөленіп жүре беріңіздер.

Дереккөз : anabol.kz

Анасы діннің басқа ағымында болса баланы анасынан қалай алуға болады?
Атамның атындағы үйді бөліске сала аламын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу