Егер үйде науқас адам болса, ауру жұқтырудан қалай сақтану керек?

Oinet.kz 06-03-2019 1056

0_1550036640.7772.jpg

Науқасты күту кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

  • Үйді жиі желдетіп, ауаның алмасуын қадағалаңыз.

  • Бір күнде бірнеше рет есік тұтқасын залалсыздандырғыш ерітінділермен сүртіп тұрыңыз.

  • Науқасқа жеке ыдыс пен орамал бөліп қойыңыз.

  • Тұмаумен ауырып жатқан адамды күтетін болсаңыз, медициналық бетперде тағып алыңыз. Бетпердені 3 сағат сайын ауыстырып отыру қажет. 

  • Мұрныңызға оксолин майын жағыңыз.

  • Күні бойы жиналған вирустарды шайып жіберу үшін, ұйықтар алдында аузыңызды қырмызы неэвкалипт тұнбасмен шайыңыз.

 Тұмау ауыруына 200-ден астам вирус сеп болады. Олардың кең таралған түрлері - парагрипп, аденовирустар, риновирустар.

 Тұмау ауа арқылы жұғуы мүмкін. Вирустар адамнан адамға ауа арқылы таралады. Жоғары тыныс жолдарына кірген вирус шырышты қабық жасушаларының сыртқы қабатына еніп, олардың бұзылуы мен түсуіне әкеледі. Түскен вирусты жасушалар тыныс алу барысында ауаға түсіп, осы ауамен тыныстаған адамдарға ауру жұқтырады.

 Жабық бөлмеде тұмау вирустары науқас адамның айналасына 7 метр қашықтыққа дейін таралады. Бөлмедегі ауада 2-9 сағат аралығында өмір сүреді.

 Сонымен қатар, тұмау есік тұтқасы, ыдыс-аяқ, орамал сынды көпшілік тұтынатын заттар арқылы да жұғады. Жақын уақытта жүргілген зерттеу нәтижесі вирустың адам қолында 5 минут өмір сүретінен көрсеткен. Егер осы уақыт аралығында адам түрлі заттарды ұстаған болса, вирус оларға көшіп, заттардың бетінде ұзағырақ өмір сүреді. Олар металл не пластмассада 24 сағаттан 48 сағатқа дейін өмір сүрсе, шыны бетінде 10 тәулік бойы тіршілігін жоймайды.

Дереккөз: islam.kz

Сүліктің қандай емдік қасиеті бар?
Моншаның пайдасы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу