Сүліктің қандай емдік қасиеті бар?

Oinet.kz 06-03-2019 1070

0_1549951592.5033.jpg

Мамандардың анықтауынша, адамнан қан алу қандағы плазма құрамындағы лимфоциттердің мөлшерін өзгертеді. Ал сүлік сілекейінде 40-қа жуық ферменттер бар. Бұл ферменттер адам ағзасындағы қанның, жасушалардың, лимфалардың микроцеркуляциясын жақсартып, қалпына келтіреді. Нәтижесінде қан қысымы бір қалыпқа түсіп, мүшелердің ісуі басылып, аурулар басылып, ишемия дерті емделеді. Ең бастысы адам ағзасындағы барлық қан айналым жүйесінің жұмысы қалыпқа түседі. Ем қабылдау сүйек, бұлшық еттер және буындарға оң әсерін тигізеді. Сүлікпен емдеудің арқасында қанның ұйығаны тарқап, зарарсыз ісіктер жазылып, иммунитет көтеріліп, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен қатар бұл жәндікпен емдеу адам ағзасындағы энергетиканы қалыпқа түсіріп, көңіл-күйді көтеріп, ашушаңдықты басып, күйзелістен шығарып, ішкі қорқынышты басады. Жұмысқа деген қабілеттілігін ашып, жыныс жолдарының жұмысын жақсартады.

 Сүлік сілекейі құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген элементтер бар. Яғни сілекейі қанға микроцеркуляцияны арттырып, нәтижесінде ткандарды оттекпен және пайдалы элементтермен толықтырады. Сүлікпен ем қабылдау физиологиялық және психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасаң өте нәтижелі. Себебі олар табиғи, ауыртпайтын тірі ине болып табылады. Олар денеге жабысып шаққаннан кейін бірден ауыртпайтын фермент бөледі де ем барысында оның қадалып, жабысып тұрғандығы білінбейді. Шаққан жеріндегі тамырлар кеңейіп қан ағады. Ем барысында сүліктер бірден қанды ағызып, бірде қан құрамына түрлі ферменттерді бөліп жіберіп отырады. Медициналық сүліктер тек қана емдік ғана емес, сонымен қатар ағзаны жасартатын қасиетке ие. Сол себепті оларды косметологияда өте жиі қолданады.

 Сүліктің әйел ағзасына әсері өте тиімді. Ол қанды сору кезінде күшті рефлекторлық ықпал жасап, нәтижесінде кіші жамбастағы (малый таз) қабыну және іркілу процесін тоқтатады. Жатырдың қабынбалы және созылмалы дерттерін емдеп, мастит, миома, мастопатия дерттеріне шипа. Сүлікті арнайы медициналық фабрикаларда өсіріп, таратады.
Ескерту

1. Медициналық сүліктің нәтижелі болу үшін дененің биологиялық белсенділігі жақсы жерлеріне қою керек.

2. Бір емге пайдаланылған сүліктерді келесі емге қолдануға болмайды. Сондықтан оларды өлтіріп тастайды.

3. Сүлікпен ем қабылдаған соң, 1-2 тәулік суға түсуге болмайды.

4. Төрттен көп сүлік пайдаланып ем қабылдаған жағдайда емделуші 1-2 күн төсек режимін сақтауы керек.

Дреккөз : anabol.kz

Денсаулыққа қандай тәттілер пайдалы?
Егер үйде науқас адам болса, ауру жұқтырудан қалай сақтану керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу