Менингиттің белгілерін қалай анықтауға болады?

Oinet.kz 05-03-2019 1132

961-1476222712-65667e9e15.jpg

«Менингит» сөзін естігенде-ақ көпшілік үрейленіп жатады. Сондықтан ол ел арасында «ми қозғайтын ауру» деп те аталады. Бас сүйек қуысына ауру қоздырғышы түскен жағдайда ми қыртысы және жұлын мембраналар дереу қабынады. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралу үшін менингиттің белгілерін білу маңызды.

Балалардағы менингиттің белгілері:

Бұл аурудың жетекші үш белгісі: құсу, бас ауыруы және қызу. Олар ауруды инкубациялық кезеңге алып барады.

Аурудың алғашқы сағатында баланың ыстығы тез жоғары деңгейде 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Ауруды тез анықтап, шұғыл емдеуді бастаған жағдайда дене қызуы 3-4 күнде түседі. Бұл белгілермен қоса жиі әлсіздік, енжар жағдай, ұйқышылдық пайда болады.

Бас ауруы алғашқы сағаттарда жүреді, нақты орналасқан жері болмайды. Құсу алдыңғы белгілерден кейін орын алады.

Осы үш белгінің болуы балада нақты менингит ауруы бар деген сөз емес. Диагностикаға 100% сенімді болу үшін ол аурудың басқа белгілерін анықтау қажет.

Менингитті алдын алу

Вирусты менингиттің алдын алу үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет. Алдын алу шаралары төмендегідей беске бөлінеді:

Біріншіден, бір жыл немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін.

Екіншіден, тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындар – бактериялардың сүйікті мекені.

Үшіншіден, азық-түлікке назар аударыңыз. Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз.

Төртіншіден, жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, кем дегенде, 20 секунд қолыңызды сабындап жуу керек. Балалардың қолын мұқият жуу қажет.

Бесіншіден, өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз. Сондай-ақ тамақтануына көңіл бөліңіз, ол қауіпсіз және пайдалы болсын.

Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.

Дереккөз : anabol.kz

Таңғы жаттығудың орнын алмастыратын әдіс
Қорылдамау үшін не істеу қажет?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу