Енем иттің етін жеуге шақырды
01-11-2022
Мәрт қазақ
Қазақты, еврейді, орысты өлім жазасына кесіпті. Бір жағында асып өлтіретін дар, екінші жағында басты шабатын айбалта тұр екен. Содан жазалаушылар:
- Сендердін ең соңғы бір тілектерінді орындайын. Кім қандай өлімді калайды?" - депті.
Бірінші болып еврей:
- Мен айбалтаны тандаймын, - депті. Содан айбалтаға басын салып тұрса, ол жұмыс істемей қалыпты. Жендет:
- Сенің көз жасынды құдай көрді, сен өлімнен құтылдың - деп, оны бостандыкка жіберіпті. Еврей ағыл-тегіл жылап қуанып жатыр дейді.
Екінші кезек орыска келіпті.
- Сен қайсысын таңдайсын? - дегенге ол «еврей халқы ақылды ғой, осы бірдеңені білетін шығар, не де болса айбалтаны таңдайын» депті. Оған келгенде де айбалта шаппай қалыпты.Осылайша ол да бостандыққа жіберіліпті.
Ендігі кезек қазаққа келген. Қаннен-қаперсіз отырған оған:
- Сен қайсысын тандайсың? - десе, Ол:
- Дарды, - депті.
Жазалаушылар:
- Неге айбалтаны таңдамайсың? - десе,
- Оларың істемейді ғой, - депті сонда мәрт қазақ.
Таксидің құны
Шымкенттің ортасында қонақтан кайтар жолда әлденеге ренжісіп қалған ерлі-зайыптылар такси ұстайды. Күйеуі таксишіден сұрайды:
- Мені осы жерден Шалқар Әбіштің Қырғы базарына дейін жеткізіп тастауға қанша аласың?
- Жүз теңге, - дейді такси айдаушы.
- Ал, егер мен көлігіңе мына тұрған әйелімді қоса салып алсам ше?
- Бәрібір жүз теңге ғой - дейді анау.
Сонда күйеуі әйеліне жынданып карап, айтқан екен:
- Айтпадым ба, бәрібір менен басқаға сенің бір тиын құның жоқ, - деп.