Аскөктің пайдасы

Oinet.kz 04-03-2019 2143

708-1476220472-0272077661.jpg

Бұл өсімдік ас әзірлеуде кеңінен қолданылып, тамаққа тартымды дәм беретін тамаша дәмдеуіштердің бірі. Аскөктің адам ағзасына пайдалы екенін барлық жерде біледі. Сондықтан, оны көп тұтынады. Бірақ, оның емдік қасиеттері жайлы көп адам біле бермейді.

 Аскөктің пайдалы қасиеттері:

 Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез-келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.

 1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңіде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерде тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады.

 2) Аскөкті кептіріп, жағып, күлін жазылмай жүрген жараға сепсе, ол тез жазылады. Ұрық дәнін ұнтақтап ауызға салып сорып жүрсе, ыстықты қолма-қол тыйяды.

 3) Оның ұрық дәнімен қоса кептірген сабағының ұнтағынан 2 ас қасық алып, жарты литр суға қайнатып ішсе, ішті жүргізіп, асқазанды, ішекті тазалайды.

 4) Қарапайым тұнба. 1 ас қасық кептірілген аскөкті 0,5 литр суға салып, 1 сағат тұндырамыз. Дәрі дайын. Бұл тұнбаны жарты стақаннан күніне 3 рет ішу қажет. Бұл тұнба асқазан, ішек, ауруларында пайдалы. Диарея, іштің қатуы (запор) сынды ауруларды да емдейді.

 Жас аналарға аскөкті көп тұтыну өте пайдалы, және психологиялық аурулар кезінде де таптырмайтын құрал.

 

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

Дереккөз : anabol.kz

Тіс саулығы үшін қалай тамақтану керек?
Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу