Тіс саулығы үшін қалай тамақтану керек?
Кейбір тамақтар тісіңіздің жағдайын жақсара түсуіне ықпал ететінін білесіз бе? Білмесеңіз, anabol.kz тіс әдемілігі мен тіс жегісінің пайда болмасы үшін қандай тамақтар жеу керектігін ұсынады.
- Сырдың қатты сорты кальций мен фосфатқа бай. Ол тіс эмалін қатайтуда өзіндік әсері бар. Сонымен қатар,қышқыл деңгейінің реттелуін қамтамасыз ететін сыр микробтардан қорғаса керек. Сондықтан, тәттіден гөрі сыр жесеңіз, тісіңізді тіс жегісінен қорғай аласыз.
- Ауыз қуысының жағдайын ойлай отырып, қызыл иек жайлы ұмытпаңыз. Қызыл иектің саулығы үшін С дәруменін ас жүйеңізде көп болуын қадағалаңыз.С дәруменін киви құрамында сақтайды,осы тұрғыда тым болмаса, күніне бір киви жеп тұрғаныңыз абзал.
- Түрлі шөптердің денсаулыққа пайдасы жайлы жақсы білеміз. Оның ішінде жалбыз бен ақжелектің сағыз сияқты дем алғанда балғындылық беретін қасиеті бар. Бар болғаны, кез-келген тағамға қосып жей берсеңіз болады.
- Сағыз орнына балдыркөктің сабағын үнемі шайнап жүрсеңіз, қызыл иектің жұмысын реттеп, тісті микробтан тазалайды.
- Ал ақжелкекпен енді сізге достасуға тура келеді. Ақжелкектегі биологиялық белсенді заттар ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді. Онымен қоса, тіс жуу үшін ½ ақжелкек шай қасығын бір стакан жылы суға салу керек.
- Тіс саулығының қамы үшін қарапайым судың көмегі мол. Біріншіден, күніне 8 стакан су ішіңіз, екіншіден, әр тамақ ішкен сайын таза сумен шайып жүргеніңіз дұрыс.
- Сондай-ақ, тістегі бактериялардан тазарту үшін көк шайды ішу қажеттігі есіңізде болсын.
Ас – адамның арқауы. Қандай болмасын, жеген тағамыңыз сіздің денсауылығына әсер етсе керек.
Дереккөз : anabol.kz