Бастан күн мен ыстық өту

Oinet.kz 04-03-2019 1169

155-1476220280-dbb7528b9b.jpg

 Күн өте ыстық күндері адамдардың басынан күн өтіп, талып қалу, мұрындары қанау, әлсіздік, бас айналу, бас ауруы сияқты проблемалар болады. Бастан күн өту көптеген ауралардың асқынуына алып келуі ғажап емес. Осыларды алдын алу және бастан күн мен ыстық өткен жағдайда алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін бүгінгі мақаламнан білетін боласыздар.

 Бастан күн мен ыстық өтпеуі үшін не істеу керек?

1. Мүмкіндігінше табиға матадан жасалған, ақ түсті бас киімдер кию керек.

2. Ыстық ауа-райы кезінде сырттағы дене белсенділігін азайту керек. Қарқынды спорт жаттығуларын таңертең немесе кешке ауыстыру қажет.

3. Ыстық күнде сұйықтықтарды көп ішу маңызды болып табылады, бірақ сол уақытта кофе, шай және газдалған сусындарды тұтынуды азайтуымыз керек. Ыстық күндері алкогольді  сусындарды мүлдем ішпеген жөн.

4. Азық-түлікті аз-аздан, бірақ жиі тұтынған дұрыс.

5. Ыстық күндері жабық көліктің ішінде балаларды, қарттарды және үй жануарларын қалдыруға болмайды.

6. Дене температураларыңызды қадағалап отырғандарыңыз маңызды.

  Егерде, сізде мына белгілер байқалса сіздің басыңызда күн өткен, және сізге алғашқы көмек көрсетілуі керек

 Бастан күн өткеннің алғашқы белгілері:

 Бастан күн өткеннің белгілеріне: бас айналу, мұрын қанау, кей жағдайларда талып қалу, әлсіздік, дененің құрғауы сияқты белгілер жатады. Бұл белгілер адам ағзасында ұзаққа созылады. Осы белгілер байқалған жағдайда алғашқы көмек көрсетуді ұмытпаған абзал.

 Бастан күн өткен кездегі алғашқы көмек:

 Егер сіз басқа бір адамның денесіндегі қатты қызығу сезіктенсеңіз жедел жәрдем шақыру қажет. Жедел жәрдем шақыру мүмкін емес немесе қиын болған жағдайда, жедел жәрдем келгенше науқасқа алғашқы көмек көрсетіңіз. Бастан күн өткендегі алғашқы көмек шаралары келесі кезеңдерді қамтиды.

1. Науқасты көлеңке немесе жақсы желдетілетін жерге алып келіп, арты жағымен жатқызыңыз. Науқасты сумен қамтамасыз етіңіз.

2. Тығыз орналасқан киімдерін босатыңыз (ремень, галстук).

3. Мүмкін болса науқасты салқын суға салыңыз. Оны дымқыл матамен орап немесе денесін сулы шүберекпен сүртуге болады.

4. Науқасты тезірек қалпына келтіру үшін желдеткіш немесе мұзды пайдалануға болады.

  Бастан күн өткендегі алғашқы көмек көрсету тәсілі осылай жүргізіледі. Ыстық күндері шаруаларыңызды ысыра тұрып, отбасыңызбен аквапарктерге немесе бассейндерге барып демалып қайқаныңыз дұрыс.

 Дереккөз: www.alvogenors.ru 

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

Сиыр жылын қалай қарсы алу керек?
Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу