Медициналық сақтандыру: сұрақ-жауап

Oinet.kz 06-12-2017 866

Screenshot_2.jpg

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жан-жақты жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жұртшылық арасында міндетті сақтандыруға қатысты туындап отырған сауалдар баршылық. Сонымен кім қанша төлейді? Жарнаны қайда және қай уақытқа дейін аударуға болады? Жарнаны төлемесе қандай шара қолданылады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын биыл екі санаттағы азаматтар төлейді. Олар: жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер.

Жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна аударады. Айсайын төленетін жарна мөлшері:

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – жұмыскер жалақысының 1%;

2018 жылдан бастап – 1,5%;

2020 жылдан бастап – 2%;

2022 жылдан бастап – 3%.

Шілденің бірінен бастап жарна төлейтін қос санаттың бірі – жеке кәсіпкерлер (жеке меншік нотариустар мен сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар). Олар жарнаны ЖК ретінде өзі үшін төлейді. Жеке кәсіпкердің жарнасы 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрайды. Нақтырақ айтқанда, жарна мөлшері 2017 жылы 2445 теңге 90 тиынды, 2018 жылы – 2828 теңгеге тең. Жарна есептелетін жалақының ең жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек.

Ал, егер жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлері болса олар үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударып отыруы тиіс.

Шілде айының жарнасын тамыздың 25-іне дейін төлеуге болады. Жарнаны екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы төлеуге болады. Төлем кодтары көрсетілген арнайы бланктерді аталған қаржы ұйымдарынан алуға болады. 

Жарнаны төлемесе не болады?

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдарын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірісітер комитеті бақылап отырады. Жарна міндетті болғандықтан дер кезіндетөленбеген жағдайда комитет тиісті шаралар қолдана алады. Кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшері көлемінде өсімақы төленеді. Егер жұмыс беруші немесе жеке кәсіпкер жарна аударудан бірнешерет бас тартса қарыз сомасының 50 пайызына дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Себебі, Әкімшілік заңбұзушылықтар кодексі бойынша заң бір рет бұзылғанда ескерту жасалады. Заң бұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанған жағдайда берешек соманың 20 пайыздан 50 пайызына дейін айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері субъектінің көлеміне (шағын немесе ірі кәсіпкер) байланысты.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жүйесіне мемлекет пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қосылады. Мемлекет жеңілдігі бар 14 санаттағы 10 млн азамат үшін жарна төлейді. Атап айтқанда, жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер, зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, ҰОС ардагерлері, стуңденттер, 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер мен 3 жасқа толмаған бала күтімімен үйде отырған тұлғалар т.б. үшін ел бюджетінен айсайын 5029 теңге төленеді. Келер жылы жарна төлейтін топтың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – міндетті сақтандыру жүйесіне ай сайын төменгі айлық жалақының 5 пайызын немесе 1414 теңге төлеуі тиіс.

Жұмыскерлер жарнаны 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап аударады.  Жарна мөлшері: 2019 жылы – жалақының 1 пайызын, 2020 жылы – 2 пайызын құрамақ. Жалпы, міндетті сақтандыру шеңберінде медициналық көмек 2018 жылдан бастап көрсетіле бастайды.

Еңбек мигранттары қалай сақтандырылады?

Қазақстанда уақытша жұмыс істеп жатқан ЕАЭО елдерінің азаматтары-еңбек мигранттарына шұғыл медициналық көмек бұрыннан тегін көрсетіледі. Бұл Одақ шеңберінде бекітілген жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруы туралы норма негізінде жүзеге асырылады. Шетелдік пациент өміріне төнген қауіп сейілгеннен кейін немесе айналаға қауіпті сырқаттың беті қайтқан соңәрі қарай ауруханада жатып емделетін болса, қосымша көрсетілген қызмет құнын өз қалтасынан төлейді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Еуразиялық одақ елдерінің азаматтары пайдаланатын Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шектеулі. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстанмен одақтас жақын шетелдерден келген азаматтар айналасына қауіп төндіретін: дифтерия, қызылша, қызамық, көкжөтел, скарлатина, желшешек, эпидемиялық паротит, А, В, С сүзегі (паратиф), полиомиелит, тұмаудың қалыптан ауытқыған түрлері, менингококк инфекциясы, тырысқақ, іш сүзек, туберкулез, күйдіргінің өкпені қабындыратын түрі, оба, вирусты геморрагиялық безгек, А, Е вирусты гепатиті, малярия сынды аурулардан тегін емделеді. Басқа жағдайларда медициналық көмек оларға ақылы түрде көрсетіледі. 

Жұмыс беруші Еуразиялық одақ елдерінен келген шетелдік үшін жарна төлеуге міндетті ме?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, жұмыс беруші қарамағында еңбекетіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары үшін сақтандыру жарнасын төлеуі тиіс. Бұл санаттағы азаматтар үшін жасалатын аударымдар көлемімынадай: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыскер табысының 1%, 2018 жылы – 1,5%, 2020 жылы – 2%, 2022 жылы – 3%.

Ал, Одақ елдерінен келген еңбек мигранттарының отбасы мүшелері сақтандыру жарнасын өз бетінше төлей алады. Сонда олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін толық пайдалану құқығынаие болмақ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметі

Бибігүл Иманғазина. Ғасырдан да ұзақ жас
Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшенов. Арасында қандай байланыс бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу