Түркиядан медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер келді
Өкілетті Кеңес Төрағасы Проф.Док. Мухиттин Шимшектің қолдауымен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен Ахмет Ясауи университеті Клиника-диагностикалық орталығына кәзіргі күнге дейін шамамен құны 1 000 000 АҚШ доллары тұратын маңызды медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер көмек ретінде келді.
Өздеріңіз куә болып отырғандай қос мерекенің қарсаңында Түркиядан бүгін екінші рет көмек келіп жетті.
Желдеткіштер, Инфузиялық помпалар, EKG, Ritim Holter, Aspiratör, Koter, Spirometri және жүктілікті бақылауда өте маңызды феталды мониторингтер, дәрі-дәрмектер мен 100.000 дана үш қабатты бетперде мен 10.000 дана комбинизон жеткізілді.
Клиникамызға жеткізілген медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің Түркістан халқының денсаулығы үшін зор септігін тигізетіні сөзсіз.
Түркияның қазақ еліне деген құрметі ерекше. Түркі достарымыз ештеңеден аянып жатқан жоқ. Өкілетті Кеңес Төрағасы Проф.Док. Мухиттин Шимшекке, Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне, ректор өкілі (І. Вице-президент) профессор, доктор Женгиз Томарға қолдау көрсетіп, көмек қолын созып отырған түрік бауырларымызға алғысымызды білдіреміз.