Аяқтағы және аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Oinet.kz 01-03-2019 1234

0_1551074514.6255.jpg

Аяқтағы жағымсыз иістің пайда болу себептері: 
Аяқтағы жағымсыз иістің басты себебі қатты тершеңдік. Аяқта мыңдаған тер бездері бар, олар күніне 200 мл-ге дейін тер шығарады! Ал егер де сіз және де белсенді өмір салтын ұстансаңыз, үнемі спортпен айналысып, аяққа көп күш түсірсеңіз, олар тіпті терлейді. Негізі, бөлінетін тердің иісі жоқ, себебі тердің құрамында тек су мен тұз ғана бар. Сасық иістің көзі көбейетін бактериялар. Күні бойы барлық денеңіз терлейді. Себебі, біз үнемі жабық аяқ киім, нәски киеміз, бұл өз кезегінде бактериялардың таралуына қолайлы орта болып саналады. 
 

Сонымен, жағымсыз иістің шығуына келесідей факторлар әсер етеді: 

  • жабық және табиғи емес теріден жасалған, ауа нашар өткізетін аяқ киім; 

  • синтетикалық нәскилер; 

  • өте күшті тер бөлуін тудыратын белсенді өмір салты; 

  • қосымша тер бөлінуін тудыратын күйзелістер, қорқыныштар, қозу, жүйке жүйелерінің аурулары; Жиі душқа түсу мүмкіндігінің, нәскиді ауыстырудың, аяқ киімді ауыстырып тұру мүмкіндігінің жоқ болуы. 

 

Аяқ киімдегі жағымсыз иістен қалай арылуға болады? 

Аяқ киімді желдетіп тұру, жуу және кепттіру шараларын қарастыру қажет. Аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылу құралдарының бірнеше түрлері бар, оларпдың кейбіреуі халықтық әдістер. 

  • аяқ киімді далаға жайып қою; 

  • аяқ киімді спиртпен сүрту; 

  • аяқ киімді арнайы сусабынмен не арнайы құралмен жуу; 

  • аяқ киім үшін дезодарант пайдалану; 

 

Қалай алдын алуға болады? 

Осы проблемамен күресудің бірнеше ақыл-кеңестерін ұсынамыз: 
1. Күн сайын нәски мен колготкиді ауыстырып тұру қажет, оларды бір күннен артық кимеу керек. Тіпті , олар таза болып көрінсе де, ауыстырып киіп тұрған дұрыс, себебі ақырындап шыққан иіс келесі күні күшеюі мүмкін. 
2. Нәскиді тек табиғи тканьдерден ғана , мүмкіндігінше синтетикалық материалдары барынша аз таңдаңыз. 
3. Бір аяқ киімді 3жылдан артық кимеңіз. Әрбір жыл маусымына кем дегенде екі аяқ киіміңіз болғаны дұрыс, себебі желдетіп тұрғанға жақсы. 
4. Ұлтарақтың жайын да қамтамасыз етіңіз, жиі-жиі ауыстырып тұрыңыз және жуып тұрыңыз. 

Осы проблема үнемі мазалайтындарға кеңестер: 
1. Күн сайын аяғыңызды антибактериалдық сабынмен, бактериянларды өлтіретін сабынмен жуыңыз; 
2. Табаныңызға тер бөлінуі дұрыс болуы үшін кремдер, құрғатушы ұнтақтар жағып тұрыңыз, мұндай кремдерді дүкендерден не дәріханалардан тауып алу қиын емес. Теймуров пастасын пайдаланып көріңіз, ол ұзақ уақытқа аяқтағы жағымсыз иісті кетіруге көмек береді. 
3. Аяқтағы тер бөлінуін азайтатын дезодарант-антиперспиранттарын қолданыңыз. 
4. Бор қышқылының ұнтақтарын, бүріккіштерін, тальктерді пайдаланыңыз; 
5. Қатты тершеңдік кезінде аяғыңызды күн сайын марганцовканың күлгін-көк түсті ерітіндісімен жуып көріңіз не болмаса жылы сумен немесе күн сайын сірке суымен кішкентай ванна жасап көріңіз , мұны апта ішінде 15-20 минут жасасаңыз жеткілікті. 
6. Түнде лаванда майын жағып қойыңыз, содан соң нәски киіп алыңыз да ұйықтауға жатыңыз. Лаванда майы бактериялардың көбеюіне ғана бөгет болып қоймай, жағымды иіс шығарады. 
Ал егер де жоғарыда аталып кеткен кеңестер көмектеспесе ше? Мұндай жағдайда сізге дәрігерге көріну керек, ол аса тершеңдіктің себептерін анықтап береді және арнайы препараттар тағайындап береді.

Дереккөз: kenester.kz

Қалай дұрыс демалуға болады?
Аптаның қай күніне туғаныңызға қарап мінезіңізді біліңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу