Шашыңызға ерте ақ түссе не істеу керек?

Oinet.kz 01-03-2019 1086

0_1550483505.7453.jpg

Ертеректе ақ шаш даналықтың, ақылдылықтың белгісі деп саналып, адамдарға ақ шаш қартайған шағында пайда болатын. Ал бүгінгі таңда ақ шаш қартайған адамдарда ғана емес, жас адамдарда да пайда бола бастады. Әрине, ағарған шаштың алдын алуға болады. Ол үшін адам шашында ақ шаштың пайда болу себептерін анықтау керек. Ең алғашқы жиі кездесетін себеп, адамдар 40 жастан асқан соң шашына ақ түсе бастайды, әр адамның қартаю жасы әрқалай. Ақ шаштың пайда болуының басқа себептері: дәрумендердің жетіспеуі (әсіресе В12), күйзеліс, уайым, депрессия, қалқанша бездің ауруы, үйлесімсіздік, шылым шегу, тұқым қуалаушылық т.б.

Халықтық әдістер арқылы ақ шаштан қалай құтылуға болады?

1. 100 г ірімшік алыңыз. Оған 1 г қара бұрыш қосыңыз. Жақсылап араластырып, шашыңызға, бас терісіне жағыңыз. 1 сағат ұстап, жылы су мен сусабынмен жуып тастаңыз. Жақсы нәтиже көру үшін, бұл әдісті аптасына бір рет жасап тұру керек.

Масканың артықшылықтары:

  • қайызғақты кетіреді;

  • шашыңыз жұмсақ әрі жібектей бола түседі;

  • шашыңызға түс беру мүмкіндігі бар.


Әдіске сүйене отырып, сіз шашыңыздың түсін сақтап, жаңа ақ шаштың пайда болуын баяулатасыз. Бірақ, жөтел мен суық тию кезінде қолданбаған жөн. Өйткені, ірімшіктің суытқыш әсері бар.

2. Күнжіт майы мен зәйтүн майын 1:1 көлемде бөтелкеде араластырыңыз. Бұл қоспа шашты ұзын, қара, қалың әрі жылтыр етеді. Бұл шаштың ағаруы мен түсуінің алдын алатын бірден-бір әдіс.

3. 200 г суды қайнатып,оған 4 ас қасық құрғақ жалбызды салып, 2 сағатқа қалдырыңыз. Суытып, сүзіп, 25 мл глицерин мен бірнеше тамшы Е дәруменін қосыңыз. Дайын болған қоспаны бас терісіне жақсылап жағыңыз, біраз уақытқа қалдырып, артынан жуып тастаңыз. Нәтижесін көру үшін бұл әдісті күнде қолданыңыз.

4. Басыңыздың терісіне сиыр сүтінен алынған маймен аптасына 2 рет массаж жасаңыз.

5. 1 қасық ас тұзын 1 стақан қою қара шайға қосыңыз. Шашыңызда 1 сағат ұстап, жуып тастаңыз. Бұл әдісті 10 күнде бір жасаңыз.

6. Шие шырыны мен шие езіндісі шаштың ағаруын баяулатады. Бас терісіне, шашқа жағып, жылы орамалмен орап, 1 сағатқа қалдырыңыз.

7. Шаштың ағаруына кокос майы бөгет бола алады. Ол үшін күнде жатар алдында кокос майын бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз. Ертесінде жумай, кешкісін қайта жағып, келесі күнге қалдыруыңызға болады.

8. Алма сірке суы мен суды 1:1 қатынаста алып араластырыңыз. Онымен шашыңызды жуып, орамалмен орап, жарты сағатқа қалдырыңыз. Артынан су сабынмен жуыңыз. Бұл әдісті бірнеше ай қолданыңыз. Егер шашыңызды үнемі бояйтын болсаңыз, бұл әдісті қолданбауыңызға кеңес береміз, өйткені сірке суы шаш бояуымен әрекеттесуі мүмкін.

Дереккөз : anabol.kz

Арманыңызды өзіңізге қалай жақындатуға болады?
Мамандық ауыстыру ешқашан кеш емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу