Адамды жеңудегі психологиялық айла-әрекеттер
Кісіні сөзіңізге сендіргіңіз келсе, маған осылай әкем айтқан деңіз. Ата-ана не айтса да дұрыс деген қатып қалған қағида бар.
Біреумен қол алысатын болсаңыз, қолыңыз жылы болуына мән беріңіз. Жылы қол жылы жүректен хабар береді.
«Су, ли фа» немесе «Қайшы, қағаз, құдық» ойынында қарсыласты жеңгіңіз келсе, оның назарын өзге жаққа аударатын сұрақтар қойыңыз. Сонда ол санасынан тыс қайшы белгісін көрсетеді.
Әңгімелесішіңіз сөзіңізді құптағанын қаласаңыз, басыңызды изей айтыңыз. Бас изеу риясыз шындық белгісі.
Біреудің айтқан сөзін әңгіме арасында, солай дедің ғой деп қайталап отырыңыз. Сонда ол шынымен бар зейініңізбен тыңдап отырғаныңызға көз жеткізеді.
Біреу сізге қырғи қабақтық танытып жүргенін байқасаңыз, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адам өзі ұнатпайтын жанға көмегін тигізгісі келмейді. Екінші жағынан, бұл орындалуы аса қиын өтініш емес. Сонда сізді соншалықты жек көрмейтінін сезінеді.
Бір әннің сөздері еріктен тыс аузыңыздан түспей қойса, яғни естіп алған әніңізді еріксіз қайталап айта берсеңіз, оның соңғы жолдарын есіңізге түсіріңіз. Ойда аяқталмай қалған нәрсе өздігінен қайталана береді.
Балаларыңызға қаламайтын тағамын жегізгіңіз келсе, "Жейсің бе?" деп емес, бірдей "Нешеуін берейін" деп сұраңыз.
Біреу сізге көмектескенін тілесеңіз, сөзді «Маған сіздің көмегіңіз керек боп тұр...» деп бастаңыз. Адамдар мәжбүрлеп, бұйырғанға қарағанда, өтініш білдіргендерді жақсы қабылдайды.
Дереккөз: vk.com