Терідегі созылуды білдірмейтін табиғи құралдар

Oinet.kz 01-03-2019 1063

0_1549009535.9626.jpg

Созылулар — тері аздап созылғыш бола бастағанда пайда болатын кіші тыртықтар. Ол денсаулық үшін қауіпті емес. Алайда көзге оғаш көрінеді, сондықтан адамдардың көпшілігі одан құтылғысы немесе азайтқысы келіп, қымбат құралдар сатып алады. 


Созылулар көп жағдайда тері астына май жиналатын жерлерде пайда болады. Мысалы: бөксе, іш, қол және аяқ. Созылулар көптеген жіңішке немесе бірнеше жалпақ жолақтардан тұруы мүмкін. Дүкендерде созылуды кетіретін құралдар көп болғанымен, арзан табиғи құралдарды қолданған жөн. Біздің терімізге пайдалы және күнделікті қолдануда созылуларды білдірмейтін ингредиенттер бар. 

Шикі картоптың суы
Картоп құрамында теріні қалпына келтіретін және терінің жаңаруына себепші болатын көптеген пайдалы заттар бар. Ірі картопты таңдап, тазартып, үккіштен өткізіңіз. Оның суын сығып алып, сол сумен проблемалық жерлерді сүртіп шығыңыз. Тері суды сіңірген соң, суық сумен шайып тастаңыз. Осы әдісті таңертең және кешке жасаңыз.

Жұмыртқаның ақуызы
Жұмыртқаның ақуызы созылуларды азайтатын аминқышқылдардан және протеиндерден тұрады. Жұмыртқаның ақуызын көпіргенше араластырыңыз. Оны проблемалық жерге жағып, кепкенше күтіңіз. Теріні жылы сумен жуып, зәйтүн майын жағып қойыңыз. Егер оны күнделікті қолданса, бірнеше аптадан соң нәтиже көріне бастайды.

Какао майы
Какао майы — созылуларға қарсы өте тиімді және нәтижелі құрал. Оның құрамында теріге пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Олар теріні терең ылғалдандырып, қайта жаңаруына ықпалын тигізеді. Какао майын күніне екі рет жағыңыз. Тері майды сіңіргенше, массаж жасай отырып, уқалаңыз. 

Бадам майы (миндальное масло), қант және лимон
Бадам майының құрамындағы белсенді заттар теріге жылдам еніп, сыртқы түрін жақсартуға көмектеседі. 1 ас қасық қантты жарты шай қасық бадам майымен және жарты шай қасық лимон сығындысымен араластырыңыз. Дайын скрабты проблемалық жерге жағып, 10 минут шамасында массаж жасап, уқалаңыз. Жақсылап жуып тастаңыз. Осы әдісті аптасына 2-3 рет жасауға болады. 

Үй жағдайындағы крем
Созылуларды кетіретін үй жағдайында дайындалатын крем босанған соң, лезде арықтау кезінде немесе бірден артық салмақ қосуда созылулардың пайда болмауына көмектеседі. Зәйтүн майы, бидай бүршігі және алоэ гелін бірдей пропорцияда араластырыңыз. Егер теріңіз майлы болса, аздап саз қосыңыз. Барлық ингредиенттерді біртекті болғанша араластырып, дайын кремді проблемалық жерге жағыңыз. Кремді аптасына 3 рет жағуға болады. 

Бадам және кокос майы 
Бұл екі май теріні құнарландыруға және терең ылғалдандыруға өте пайдалы. Олар теріні қалпына келтіретін пайдалы заттардан және Е дәруменінен тұрады. Екі майды бірдей пропорцияда араластырып, проблемалық жерге жағыңыз. Бұл әдісті күнде таңертең және кешке қайталаңыз.

Дереккөз: lviewer.com

Жалқаулықты қалай жеңуге болады?
Адамды жеңудегі психологиялық айла-әрекеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу