«Оқсыз» қаласы туристер қызығатындай болуы керек

Oinet.kz 27-10-2019 616

Screenshot_33.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелері Отырар ауданына арнайы іс-сапармен келді. Аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Отыз жылдан астам күрделі жөндеу көрмеген нысанды жаңартуға республикалық бюджеттен 262,9 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "Jer Group" ЖШС желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мәдениет үйіне су құбырлары мен кәріз жүйелері тартылып, іші мен сырты әрленіп жатыр. Құрылыс нысанын аралаған Бердібек Сапарбаев аудан басшысы мен мамандарға құрылыстың сапасына көңіл бөліп, оның өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды және білікті сәулетшілерді тарту қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң Үкімет басшысының орынбасары аудан орталығындағы "Даңқты бабалар" саябағын аралап, орталық алаңдағы әл-Фараби ескерткішінің бүгінгі жағдайымен танысты. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіндегі жаңарған жәдігерлерді көріп, мұражай ауласында орналасқан ХІХ-ХХ ғасырдағы бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін этнокешенді аралаған топ мүшелері Отырар қалашығы маңында бой көтерген "Сапар орталығында" өңірдің зиялы қауым өкілдерінің, сондай-ақ тарихшылар мен ғалымдардың басын қосып, алқалы жиын өткізді.

Жиында келер жылы халықаралық дәрежеде аталып өткелі отырған әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай дайындық мәселелерін пысықтады. Тарихшылар мен ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар басқосуда Отырар кітапханасын ашса, ежелгі "Оқсыз" қаласын туристер қызығатындай етіп ретке келтірсе деген ұсыныстарын білдірді.

Басқосуда Үкімет басшысының орынбасары әл-Фарабидің мерейтойына келген шетелдік қонақтар мен ғалымдарға біз ежелден-ақ рухымыздың жоғары, мәдениетіміздің жақсы дамығандығын осы Отырардан бастап көрсетуіміз керек. Келген қонақтарды таң қалдыру үшін әлемде фарабитанумен айналысатын 11 орталық бар. Фарабитанушылармен ақылдаса отырып, сол орталықтардағы ғұламаға қатысты құнды дүниелерді Сыртқы істер министрлігі арқылы осында алдыруымыз керек деп ой түйді.

Ежелгі Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесінің маңызы тарих үшін ерекше. Осы екі нысанның айналасын абаттандыру, көріктендіру мақсатында қызу жұмыстар жүруде. Бірер айда ел игілігі үшін пайдалануға берілетін аталмыш нысандарды аралаған Үкімет басшысының орынбасары бастаған топ құрылыс жұмыстарының барысына қанығып, бабтардың бабы Арыстанбабқа зиярат етті


Журтналистер форумы өтті
Кеңестегі ой аяқсыз қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу