Медициналық сақтандыру - денсаулық сақтаудың сенімді жолы

Oinet.kz 27-10-2019 606

Screenshot_31.jpg

Сайрам ауданы әкімдігінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев Медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмек туралы тұрғындарға түсіндірді.

Қор өкілінің айтуынша, жүйе жүзеге асқан соң медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсарып, бәсекелестік артады, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек кездесетін медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды медициналық қызметтерді - сақтандырылған азаматтар ғана пайдалануына мүмкіндік туады.

МӘМС шеңберінде зертханалық және диагностикалық қызметтер, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді болмақ. Ұзын саны 11 миллионға жуық адамды құрайтын азаматтардың жеңілдік берілген санаты мемлекет тарапынан сапалы және қолжетімді медицинамен толық қамтамасыз етіледі.

Жалпы, 2020 жылы халықтың шамамен 95 пайызы МӘМС жүйесіне қатысушылар қатарына қосылады. Жиында тұрғындар тарапынан мамандарға бірқатар сауалдар жолданып, жауап берілді. 


23 елді мекенге газ тартылады
Журтналистер форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу