Жастарды теріс ағымдардан сақтануға шақырды
Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалы және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан №20 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде оқушы жастармен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Битанов Жангелді, аудандық орталық аурухананың акушер-гинекологы Рахатова Лобархон, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Медеуов Ғалым және Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Абдуғани Сайтмуратов қатысып, этносаралық және конфессияаралық қатыныстарды, қоғамдық келісімді нығайту, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту, отбасылық зорлық- зомбылықтың және жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау, теріс діни ағымдардан сақтану бойынша үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар мамандарға тәрбие, дін жайындағы көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Мамандар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады дейді.