Көкпарға қызығатын жастар көп

Oinet.kz 27-10-2019 689

Screenshot_27.jpg

Көкпар десе делебесі қозып кететін қазақ емеспіз бе?! Қанымызға сіңген ұлттық ойынымыз бүгінде қайта ұлықталып, республиканың әр өңірінде жарыстар өткізіліп келеді. 

Соңғы жылдары Түркістан облысындағы  сансыз баптар мекені  Сайрам ауданында  командалық көкпар ойындары жиі-жиі өткізіліп келеді. Біріншіден бұл ұлттық спортымызды ұлықтау болса, екіншіден аталған спортқа жастарды қызықтыру болып табылады. Жалпы, Сайрам ауданында ұлттық спорт мектебінің  ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамай ауданда жас шабандоздар мен көкпарға деген қызығушылық артып отыр. Себебі аталған ұлттық спортқа аудан әкімі Бақтияр Мамаев пен көкпар федерациясының аудандық филиалының жетекшісі Мадияр Оразалиев көп көңіл бөліп отыр.

Жуырда аталған спорт мектебінің бастамасымен Қарабұлақ ауылында жастар арасында командалық көкпар болып өтті. Шабандоздар сайысына ат құлағындай ойнайтын өңірдің жастары қатысты. Онда Көлкент командасының бағы жанып,  жеңіске жетті. 


Оқушылар саяхатқа шықты
Жастарды теріс ағымдардан сақтануға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу