Белсенді жастармен кездесу

Oinet.kz 15-11-2019 905

Screenshot_22.png

"Жастар жылына» орай және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шардара ауданында "Жастар - қоғамның қозғаушы күші және белсенді тобы» атты тақырыпта аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Шомпиевтің аудан жастарымен кездесуі өтті. 

Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімнің басшысы О.Қалшабекова ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш жиынға ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, қорғаныс істер бөлімі, білім, полиция, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік бөлімдері және жұмыспен қамту орталығының өкілдері, №16 колледжінің студенттері, қала, ауыл білім беру мекемелеріндегі жастар ұйымының жетекшілері мен өзін-өзі басқару ұйымдары қатысты.

Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Шардара қаласының "Абай" мәдениет үйінде өткен бейресми кездесу «ашық әңгіменің» алаңына айналды.  Б.Шомпиевпен кездескен жастар, өз көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойды және дамудың негізгі бағыттарына серпін беретін ұсыныстарын да жеткізді.

Жиында сөз алған Б.Шомпиев Елбасымыз Ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананың түзу жолымен қалыптасуымен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін атап, болашағымыз жастардың қолында екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де атап өтті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Б.Қалдарбек Б.Шомпиевке жастармен кездесуге келіп, жастарға қолдау көрсетіп, сенім білдіргеніне аудан жастары атынан алғысын айтты.

Кездесуде жастар саясатынының дамыту жолында еркін тақырыпта пікір алмасылып, түрлі ұсыныстармен тұшымды пікірлер айтылды.


Арыз-шағымдар ескеріледі
Кәсіпкерлер туған жерге тағзым етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу