«Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды»

Oinet.kz 02-11-2019 687

Screenshot_19.png

- Өнер – таусылмас байлық, қазына. Ал оны бойыңа дарытып, сақтай білу - үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Кез-келген өнер түрі арқылы халықтың мәдениетін арттырып, гүлденуіне үлес қосасың. Шынында, «Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды». Бұл – Ғ.Мүсіреповтен қалған қанатты сөз. Елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі – өнер мен мәдениет,-деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Төлеби аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылығын дамыту, халқымыздың асыл мұраларын насихаттау, білімді де өнерлі, салауатты өмір салтын ұстаған ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ақбота - 2019» атты аудандық балалар арасындағы ән – би байқауы өткізілді.

Шараға Төлеби ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы арнайы қатысып, 25 жылдың ішінде байқаудың қандай дәрежеде өткізіліп жатқаны және оған қатысқан үміткерлердің қазіргі таңда қазақ эстрадасында елдің ыстық ықыласына бөленіп жүргендігі жайында тілге тиек етсе, күні кеше өткен Республикалық «Бала дауысы» ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округі, Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Шалқарбай Мейрамбек бас жүлдені қанжығасына байлаған сәтін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылғы қатысып жатқан өнерпаздарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өнердің биік шыңдарынан көріне беруіне тілек білдірді.


11 нысан пайдалануға беріледі
Әкім кубогы «Классикке» бұйырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу