Жолдардың жағдайы жақсарып келеді
Кентау қаласының әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасына сәйкес әр сала басшылары мен ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстары жайында БАҚ өкілдеріне баяндау үшін брифинг ұйымдастырылып келеді. Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жақында жуырда ғана өз алдына бөлініп шыққан Кентау қалалық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Лесов журналистермен кездескенін хабарлайды. Себебі соңғы уақытта әлеуметтік желіде Кентау қаласы әкімдігінің парақшаларына тұрғындар тарапынан қаладағы құрылысы жүріп жатқан жолдарға көңілдері толмайтындығы жазылған болатын. Бөлім басшысы аталған кемшіліктер басшылық назарында екенін атап, мердігер тарапынан жіберілген кемшіліктер қайта ретке келтірілетінін хабарлады. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан жолдар әлі қабылдаудан өтпегенін, тапсырыс беруші тараптың жоспарына сай жасалынбаса олар қабылданбайтынын тағы да атап кетті. Ағымдағы жылы қаладағы 7 көшеге толықтай құрылыс жұмыстары жүргізліп жатса, 48 көшеге тас төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Келер жылы аталмыш көшелерге асфальт төселетін болады. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін сақтау шарасы бойынша жолдарға белгілер мен бағдаршамдар орнатылуда. Бөлімге қарасты қоғамдық көліктердің жүру тәртібіде бүгінде қайта қаралып жасақталады дейді бөлім басшысы. БАҚ өкілдері тарапынан берілген сауалдарға толыққанды жауап беріп, биылғы атқарылып жатқан жұмыстар келесі жылыда жалғасын тауып, қала тұрғындарының жүріп тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар көшелерді ретке келтіру жобасы жасалынуда деп қортындылады.