Ащысайдың әлеуетімен таныстырды

Oinet.kz 24-10-2019 648

Screenshot_10.jpg

Кентау қаласы Ащысай ауылының әкімі Шохан Алиханов ел алдында 9 айда аьқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Баспасөз бриффингінде ауыл әкімі ауылдың тыныс-тіршілігі мен алдағы атқарылатын жоспарлары жөнінде бөлісті. 

Ащысай ауылында жалпы халық саны - 2176 адамды құрайды. 2019 жылдың 9 айында Ащысай ауылы бойынша "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында Б.Момышұлы, Жангелді көшелеріне жарық көздері орнатылып, Амангелді көшесінің 380 шаршы метр жол жөнделген. Ауылдағы Жангелді көшесі мен Торлан көшесін жалғап тұрған айналма жолдың 400 метрі орташа жөндеуден өткізіліп, асфальтталды. Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын ұстануға мини футбол алаңшасы салынып жатыр. Жақын арада пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан ауылдың кіре берісіне арка салынып тұрғызылған. Ауыл бойынша мал саны - 11519, оның ішінде уақ мал 10681, ірі қара мал – 654, жылқы - 184 басты құрап отыр. Ащысай ауылында - 346 жас бар. Ерлер саны – 192, әйелдер саны – 154. Жас ерекшелігіне қарай 14-18 жас аралығында жастар саны – 148 адам, 19-29 жастағылар саны – 198 адам. Оның ішінде 77 студент, 322 оқушы бар. Қала әкімі Даурен Махажановтың қаламен бірге акылдарда дамуы қажет деген тапсырмасына сәйкес, әр ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру мақсатында 3 жылдық даму жоспары жасалынған. Осы жоспар бойынша 2020 жылы Ащысай ауылының жол жөндеу жұмыстары мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды құрылыстан өткізу секілді қарқынды жұмыстар жоспарлануда. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру мақсатында ауылға инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жан-жақты жүргізіліп жатқанын тілге тиек еткен ауыл әкімі, алдағы жүзеге асырылмақ көптеген жоспарлар барын айта кетті.


Түркістан гүлдене түседі
Жолдардың жағдайы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу